Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.09.28 № 10/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешендерді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2012 жылы Есіл ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына келесі әлеуметтік қолдау шаралары белгіленсін:
1) көшуге берілетін жәрдемақы, жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең мөлшерде;
2) тұрғын үй алу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде бюджеттік кредит.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы Б.Мұхаметжанов
Аудандық мәслихат
хатшысы С.Құдабаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Есіл ауданының әкімі Қ.Рахметов