Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 17.07.2014 № А-7/271 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталды.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарқайың ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын әрбір мүгедек балаға 6 (алты) айлық есептік көрсеткішке тең мөлшерде тоқсан сайын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Жарқайың ауданы әкімдігінің «Үйде оқытылып тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы» 2007 жылғы 7 желтоқсандағы № А-12/3453 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-69 тіркелген, 2008 жылдың 4 қаңтарында № 1 аудандық «Целинное знамя» газетінде жарияланған), «Жарқайың ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 7 желтоқсандағы № А-12/3453 «Үйде оқытылып тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы» қаулысына толықтырулар және өзгертулер енгізу туралы» 2008 жылғы 9 қаңтардағы № А-1/3 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-73 тіркелген, 2008 жылдың 11 қаңтарында № 2 аудандық «Целинное знамя» газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Әлжановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданы әкімінің м.а. Д.Шәкіров