2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды әскери қызметке шақыртуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № А-2/109 қаулысы. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 сәуірде № 1-13-152 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 04-596 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 26.06.2013 № 04-596 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын iске асыру туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ж.Бралинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы ауданының әкімі                      И.Қабдуғалиев

      «КЕЛІСІЛГЕН»

      «Ақмола облысы Жақсы
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі»
      Мемлекеттік мекемесінің бастығы            А.Журбин

Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Постановление акимата Жаксынского района Акмолинской области от 26 марта 2012 года № А-2/109. Зарегистрировано Управлением юстиции Жаксынского района Акмолинской области 10 апреля 2012 года № 1-13-152. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо аппарата акима Жаксынского района Акмолинской области от 26 июня 2013 года № 04-596)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо аппарата акима Жаксынского района Акмолинской области от 26.06.2013 № 04-596).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», от 16 февраля 2012 года «О воинской службе и статусе военнослужащих», Указом Президента Республики Казахстан от 1 марта 2012 года № 274 «Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года», постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2012 года № 326 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 1 марта 2012 года № 274 «Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года», акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организовать и обеспечить призыв на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва, а также граждан, отчисленных из учебных заведений, не достигших двадцати семи лет и не выслуживших установленные сроки воинской службы по призыву.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Акима района Бралину А.Д.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Жаксынского района                    И.Кабдугалиев

      «СОГЛАСОВАНО»

      Начальник
      Государственного учреждения
      «Отдел по делам обороны
      Жаксынского района
      Акмолинской области»                       А.Журбин