2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № А-3/93 қаулысы. Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 5 сәуірде № 1-16-147 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылдың 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы»» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтардың 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырылуы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары В.Г.Горохводацкийге жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының әкімі                  Қ.Сүйіндіков

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақмола облысы Сандықтау
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесі бастығының
      міндетін уақытша атқарушы                  Е.Оразов

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Постановление акимата Сандыктауского района Акмолинской области от 26 марта 2012 года № А-3/93. Зарегистрировано Управлением юстиции Сандыктауского района Акмолинской области 5 апреля 2012 года № 1-16-147

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Законом Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года «О воинской службе и статусе военнослужащих», Указом Президента Республики Казахстан от 1 марта 2012 года № 274 «Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре–декабре 2012 года», постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2012 года № 326 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 1 марта 2012 года № 274 «Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года»», акимат Сандыктауского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организовать и обеспечить проведение призыва граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва, на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре–декабре 2012 года.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Сандыктауского района Горохводацкого В.Г.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Сандыктауского района                 К.Суюндиков

      «СОГЛАСОВАНО»

      Временно исполняющий
      обязанности начальника
      государственного учреждения
      «Отдел по делам обороны
      Сандыктауского района
      Акмолинской области»                       Е.Оразов