РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10 тармағына және «А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 201, «Солтүстік-Қазақстан ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 5 наурыздағы № 87 ұсынымдарына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сандықтау ауданында 2012 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын егудін оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары В.Г.Горохводацкийге жүктелсін.
3 Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков
Сандықтау ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 2 мамырдағы
№ А-5/138 қаулысына қосымша
Сандықтау ауданында 2012 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын егудін оңтайлы мерзімдері
№ р/б |
Дақылдардың атауы |
Өтінімді беру мерзімдері |
Егу мерзімдері |
1 |
орташа-кеш жаздық бидай |
10 мамырдан 26 мамырға дейін |
10 мамырдан 26 мамырға дейін |
2 |
орташа піскен жаздық бидай |
10 мамырдан 28 мамырға дейін |
12 мамырдан 28 мамырға дейін |
3 |
орташа-ерте жаздық бидай |
10 мамырдан 2 маусымға дейін |
15 мамырдан 2 маусымға дейін |
4 |
жаздық арпа мен сұлы |
10 мамырдан 4 маусымға дейін |
29 мамырдан 4 маусымға дейін |
5 |
қарақұмық |
10 мамырдан 4 маусымға дейін |
25 мамырдан 4 маусымға дейін |
6 |
бұршақ |
10 мамырдан 30 мамырға дейін |
20 мамырдан 30 мамырға дейін |
7 |
рапс |
10 мамырдан 25 мамырға дейін |
15 мамырдан 25 мамырға дейін |
8 |
май тұқымына күнбағыс |
10 мамырдан 18 мамырға дейін |
10 мамырдан 18 мамырға дейін |
9 |
майлы зығыр |
10 мамырдан 28 мамырға дейін |
15 мамырдан 28 мамырға дейін |
10 |
бір жылдық шөптер |
10 мамырдан 10 маусымға дейін |
10 маусымға дейін |
11 |
бір жылдық шөптердің тұқымдарына |
10 мамырдан 25 мамырға дейін |
17 мамырдан 25 мамырға дейін |
12 |
судан шөбі |
10 мамырдан 25 мамырға дейін |
20 мамырдан 25 мамырға дейін |
13 |
сүрленген шөпке жүгері |
10 мамырдан 25 мамырға дейін |
17 мамырдан 25 мамырға дейін |
14 |
сүрленген шөпке күнбағыс |
10 мамырдан 25 мамырға дейін |
15 мамырдан 25 мамырға дейін |
15 |
картоп |
10 мамырдан 20 мамырға дейін |
10 мамырдан 20 мамырға дейін |