Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2012.08.03 № 54/7-5 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Целиноград ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету Ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық
мәслихатының сессия төрағасы Б.Ибраев
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Р.Түлкібаев
Келісілді
Целиноград ауданының әкімі М.Жүнісов
«Ветеринариялық бақылау
және қадағалау Комитетінің
Целиноград аудандық
аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесі бастығы А.Садвакасов
«Қазақстан Республикасы
ішкі істер Министрлігі
Ақмола облысының ішкі істер
Департаменті Целиноград
ауданының ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесі бастығы А.Болатов
«Қазақстан Республикасы
денсаулық сақтау Министрлігі
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
Комитеті Ақмола облысы
бойынша Департаменті
Целиноград ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық –
эпидемиологиялық
қадағалау басқармасы»
мемлекеттік мекемесі бастығы О.Шакабаев
Целиноград аудандық мәслихатының
2012 жылғы 19 наурыздағы № 13/2-5
шешімімен бекітілген
Целиноград ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету Ережесі
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Целиноград ауданының елдi мекендерiнде иттер мен мысықтарды ұстау және серуендетудің осы Ережесі (бұдан әрi - Ереже) Целиноград ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендетуді регламенттеу мақсатында әзiрленген.
2. Ереже меншік нысанына қарамастан, иттер мен мысықтарды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға бірдей таратылады. Ереже қызметтік иттері мен питомниктері бар құқық қорғау органдары мекемелеріне таралмайды.
3. Ереже Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес әзірленген.
2. тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау жағдайлары
4. Иттер мен мысықтарды ұстайтын иелер санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық ережелерді ұстанады.
5. Көп қабатты үйлердің ортақ пайдалану орындарында (баспалдақ торларында, жертөлелерде, дәліздерде), сонымен қатар балкондарда және лоджияларда иттерді ұстауға тыйым салынады.
6. Жекеменшік үй иелері иттерді, олардың қашын кетпеуін қамтамасыз етіп, үйдің шекарасында ұстайды. Үй ауласының кіреберісінде, дарбазада иттер бар екендігі туралы ескертпе тақтайша болуы тиіс.
7. Кәсіпорындар мен мекемелер ауласында иелері байлап кеткендерінен басқа қоғамдық орындарда иесіз жүрген иттер мен мысықтар кезбе деп есептеледі және кезбе иттер мен мысықтарды аулау бойынша арнайы қызметтермен міндетті аулауға жатады.
Бақылаусыз қалған иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.
8. Иттер мен мысықтар жеке ветеринарлық номер және төлқұжаттар беру жолымен сәйкестендіру рәсімінен өтеді.
3 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау тәртібі
9. Иттер мен мысықтардың иелерi заңды мәртебесiне және меншiк нысанына қарамастан:
1) иттер мен мысықтарды ұстауды осы Ереженің талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді;
2) айналадағылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, санитарлық ережелердi сақтау үшiн қажеттi шаралар қолданады;
3) жалпыға ортақ пайдаланылатын және басқа да қоғамдық орындарда иттер мен мысықтарды серуендеткен кезде пайда болған ласты тазартады;
4) жануарларды егу, қарау және ұстауға байланысты шараларды жүзеге асыратын органдардың барлық шығындарын өтейдi;
5) жануарлардың барлық қауып алу, сонымен қатар кенеттен болған өлім-жітім уақиғалары, жануарлардың ауруына күдіктену жағдайлары жөнінде ауылдық (селолық) округтің ветеринарлық инспекторына немесе ветеринарлық қадағалау органдарына және денсаулық сақтау органдарына дереу хабарлайды, ветеринарлық қызмет мамандары келгенге дейін, жануарды оқшаулайды немесе қоғамдық көлік көмегінсіз ветеринарлық дәрігерге жеткізеді;
6) өлген жануарлардың өлекселерiн мал қорымдарында көмеді немесе өлексе өрттеу пештерінде өртейді;
7) ветеринарлық мамандардың талабы бойынша жануарларды диагностикалық зерттеулер және вакцинациялар мен дегельминтизацияны жүзеге асыру өткізу үшін береді.
10. Бұрын белгіленген инфекцияға қарсы иммунизация мен сәйкестендіру рәсімін өтпеген үй жануарлары құтырма ауруына шалдығуына күдіктену фактісі анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес иелерінен алынады және жойылады.
4 тарау. Иттер мен мысықтарды серуендету тәртібі
11. Иттер мен мысықтарды серуендету кезінде олардың иелерi мына ережелердi ұстанады:
1) иттердi аулада, балалар алаңдарында, мектеп аулаларында, стадиондарда, саябақтарда, скверлерде серуендетуге болмайды. Серуендеу кезінде болған барлық (табиғи шығарылымдарын) ластануды тазартады;
2) иттердi арнайы бөлінген, қоршалған жерлерде серуендету керек, егер осындай жерлер болмаса, иттердi серуендету арнайы бос жерлерде жүзеге асырылады;
3) адамдар көп шоғырланатын жерлерде, қоғамдық көлiктерде және қоғамдық орындарда иттердi қысқа шылбырмен және тұмылдырықпен ұстау керек. Адам аз жерлерде иттердi ұзын шылбырмен және тұмылдырықпен қыдыртуға рұқсат етiледi. Қоршалған жерлерде және бос жерлерде, адамдар жоқ кезде иттердi бос, бірақ тұмылдырығын шешпей жiберуге рұқсат етiледi;
4) иттердi түнгi уақытта серуендеткен кезде олардың иелерi тыныштықты сақтау шараларын қамтамасыз етедi.
5 тарау. Қорытынды ережелер
12. Осы Ережені бұзғандығы үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының әкімшілік Заңнамасына сәйкес анықталады.