Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 18.05.2012 № А-5/151 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-7) тармақшасына, 18-2 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына және жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына, «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылға Шортанды ауданында жастар практикасы ұйымдастырылсын.
2. Бекітілсін:
1) 1 қосымшаға сәйкес жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, 2012 жылға арналған жастар практикасын өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша жұмыс берушілер тізбесі бекітілсін;
2) 2 қосымшаға сәйкес республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын, 2012 жылға арналған жастар практикасын өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша жұмыс берушілер тізбесі бекітілсін;
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары М.А.Атабаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шортанды ауданының әкімі С.Қамзебаев
Шортанды ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 21 ақпандағы
№ А-1/57 қаулысына
1 қосымша
Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын,
Шортанды ауданында 2012 жылға арналған жастар
практикасын өту үшін жұмыс орындарын жасаушы
жұмыс берушілер тізбесі
№ п/п |
Жұмыс берушінің атауы |
Кәсіп (мамандық) |
Ұйымдастырылатын жұмыс орындардың саны |
Айлардағы жастар практикасының ұзақтығы |
Аудандық бюджеттің қаражатынан өтелетін |
1 |
Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінің Ақмола облысының Әділет департаментінің |
заңгер |
1 |
6 |
17439 |
2 |
«Нұр Отан» «Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шортанды аудандық филиалы |
қаржыгер |
1 |
6 |
17439 |
3 |
Шортанды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі |
инженер |
1 |
6 |
17439 |
4 |
Шортанды ауданының прокуратурасы |
заңгер-құқықтанушы |
1 |
6 |
17439 |
5 |
Шортанды аудандық соты |
заңгер |
1 |
6 |
17439 |
6 |
Волокитин В.А. жеке кәсіпкер |
бағдарламашы |
1 |
6 |
17439 |
7 |
«Шортанды ауданы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
қаржыгер |
1 |
6 |
17439 |
8 |
«Шортанды ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
заңгер-құқықтанушы |
1 |
6 |
17439 |
Шортанды ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 21 ақпандағы
№ А-1/57 қаулысына
2 қосымша
Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын,
Шортанды ауданында 2012 жылға арналған жастар
практикасын өту үшін жұмыс орындарын жасаушы жұмыс
берушілер тізбесі
№ п/п |
Жұмыс берушінің атауы |
Кәсіп |
Ұйымдастырылатын жұмыс орындардың саны |
Айлардағы жастар практикасының ұзақтығы |
Республикалық бюджеттің қаражатынан өтелетін айлық жалақының мөлшері, теңгеде |
1 |
Шортанды ауданының «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
қаржыгер |
1 |
6 |
26000 |
2 |
«Ақмола облысының ішкі істер департаменті Шортанды ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
қаржыгер |
3 |
6 |
26000 |
3 |
Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
бухгалтер |
1 |
6 |
26000 |
4 |
Волокитин В.А. жеке кәсіпкер |
менеджер |
1 |
6 |
26000 |
5 |
Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінің тіркеу |
қаржыгер |
1 |
6 |
26000 |