РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Бесқоспа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Есет батыр Көкіұлы ауылының көшелеріне келесі атаулары берілсін:
1) Николай Кортюково;
2) Евгений Дмитриенко;
3) Есболай Мусин;
4) Шоқан Уалиханов;
5) Әлия Молдағұлова;
6) Қамрадин Нургалиев;
7) Сағи Сарин;
8) Сүндет Мынтаев.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бесқоспа ауылдық округінің әкімі | А. Бошанов |