Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2), 5-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Ырғыз ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. "Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмысқа орналасу үшін мүгедектерді жұмыс орындарына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары А. Шахинге жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. ДУАНБЕКОВ |