2012 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 25 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 16 шілдеде № 3-5-163 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2013 жылғы 7 наурыздағы № 42 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 07.03.2013 № 42 хаты).

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдесіндегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2012 жылы Ырғыз ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдаудың келесі түрлері көрсетілсін:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік несие.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың қаржы, бюджет және аумақты дамыту бағдарламалары жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы В.Машинаға жүктелсін.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                   Аудандық мәслихат
    сессиясының төрағасы:                      хатшысы:

         В. Машина                           К. Қосаяқов

Об оказании социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии в 2012 году

Решение маслихата Иргизского района Актюбинской области от 27 июня 2012 года № 25. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 16 июля 2012 года № 3-5-163. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо маслихата Иргизского района Актюбинской области от 7 марта 2013 года № 42)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (письмо маслихата Иргизского района Актюбинской области от 07.03.2013 № 42).

       В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», с пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года № 66 «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий», с постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 «Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты», районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Иргизского района следующие виды социальной поддержки на 2012 год:
      1) подъемное пособие в сумме,равной семидесятикратному месячному расчетному показателю;
      2) бюджетный кредит для приобретения или строительства жилья в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратный размер месячного расчетного показателя.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на председателя постоянной комиссии по финансам, бюджету и развитию региональных программ районного маслихата В.Машиной.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии              Секретарь районного
      районного маслихата:                  маслихата:

           В. Машина                       К. Қосаяқов