Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған белгілі санаттардағы адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін меншік нысандарына байланыссыз Ойыл ауданының кәсіпорындарында және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
2. "Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi жұмыс берушілерге тиісті жолдамаларды беру жолымен квоталандырылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруда жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қазыбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: | М. Абдуллин |