Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімдігінің 19.12.2013 N 689 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тiзбесi келесідей белгiленсін:
уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;
екі және одан да көп ай жұмыс істемейтін адамдар;
бұрын жұмыс істемеген адамдар;
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
отбасында бірде-бір жұмыс істейтін мүшесі жоқ тұлғалар;
техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілер;
елу жастан үлкен тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Н. Таубаев