Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 05.12.2013 N 393 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылға еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тiзбесi келесідей белгiленсін:
екі және одан да көп ай жұмыс істемейтін адамдар;
бұрын жұмыс істемеген адамдар;
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
отбасында бірде-бір жұмыс істейтін мүшесі жоқ тұлғалар;
техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілер;
елу жастан үлкен тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі Қ. Айтжанов
КЕЛІСІЛДІ:
"Текелі қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Әбдалиев Ерлан Женисбайұлы
29 ақпан 2012 жыл
"Текелі қаласының жұмыспен
қамту орталығы" мемлекеттік
мекемесінің директоры Макарова Светлана Тимофеевна
29 ақпан 2012 жыл