РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Алакөл аудандық ономастика кеңесінің келісімі және Көктұма ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ырғайты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ырғайты ауылдық округіне қарасты Көктұма ауылының оңтүстік шығысында орналасқан жаңа көшелерге келесідей көше аттары берілсін:
бірінші көшеге - Қабанбай батыр;
екінші көшеге - Төле би;
үшінші көшеге - Қазыбек би;
төртінші көшеге - Ахмет Байтұрсынов;
бесінші көшеге - Мағжан Жұмабаев;
алтыншы көшеге - Дінмұхамед Қонаев;
солтүстік батысында орналасқан бірінші көшеге - Әсет Найманбаев;
екінші көшеге - Шәкәрім;
үшінші көшеге – Абай.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ырғайты ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Мизамбаев Ермек Арынханұлына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ырғайты ауылдық
округінің әкімі Қ.А. Тұраров