РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Іле ауданы әкімі жанындағы аудандық тіл және қоғамдық ономастика кеңесінің келісіміне сәйкес, сондай-ақ тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Байсерке ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Байсерке ауылдық округіндегі Байсерке, Жаңадәуір, Жаңаталап, Ынтымақ, Көктерек, Әли ауылдарындағы жаңа көшелерге төмендегі аттары қойылсын:
1) Байсерке ауылының оңтүстігінде орналасқан көшелерге "Әнуар Молдабеков", "Әл-Фараби", "Алпамыс батыр", солтүстігінде орналасқан көшелерге "Тұрғанбек Қатаев", "Махмұд Қашқари", "Әбілхайыр хан", "Кенесары хан", "Ескелді би", батысында орналасқан көшелерге "Салқам Жәңгір", "Ақан сері", "Ақын Сара", "Біржан сал", "Міржақып Дулатов", "Жүсіпбек Аймауытов", "Мағжан Жұмабаев", "Мәди Бәпиұлы", "Бақтыбай Жолбарысұлы", "Қалқа Жапсарбаев", "Мұхамеджан Сералин", "Мүлік Сүртібаев".
2) Жаңадәуір ауылының шығысында орналасқан көшеге "Молодежная", батысында орналасқан көшелерге "Абдолла Қарсақбаев", "Мұқан Төлебаев", "Латиф Хамиди", "Кенен Әзірбаев", "Темірбек Жүргенов", "Балуан Шолақ", "Құдыс Қожамияров", "Зейнеп Қойшыбаева", "Шара Жиенқұлова", "Серке Қожамқұлов", "Есболған Жайсанбаев", "Қали Жантілеуов", "Мұстафа Өзтүрік", "Тұрар Рысқұлов", "Қазтуған".
3) Жаңаталап ауылының оңтүстігінде орналасқан көшелерге "Мұстафа Шоқай", "Санжар Асфендияров", "Мухамеджан Тынышбаев", "Нұрмолда Алдабергенов", "Ләззат Асанова", "Қайрат Рысқұлбеков", "Нұркен Әбдіров", "Рақымжан Қошқарбаев", "Қанафия Телжанов", "Баубек Бұлқышев".
4) Ынтымақ ауылының батысында орналасқан көшелерге "Ғали Орманов", "Төлеген Айбергенов", "Қасым Аманжолов", "Шона Смаханұлы", "Әбділда Тәжібаев", "Нұрсұлтан Әлімқұлов", "Әділбек Абайділданов", "Сейдахмет Бердіқұлов", "Жұматай Жақыпбаев", "Қанипа Бұғыбаева".
5) Көктерек ауылының солтүстігінде орналасқан көшелерге "Умбетей жырау", "Шалкиіз жырау", шығысында орналасқан көшелерге "Әміре Қашаубаев", "Төлеген Тоқтаров".
6) Әли ауылының батысында орналасқан көшелерге "Сағат Әшімбаев", "Ер Тарғын", "Тоқаш Бокин", "Тәуелсіздік", "Достық", "Жастар", "Бірлік", "Береке", "Алатау".
2. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Байсерке ауылдық округ әкімінің орынбасары Қоянбеков Асхат Бариұлына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Байсерке ауылдық
округінің әкімі С.К. Ерекешев