РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-7) тармақшасына, 18-2 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылға өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес жастар практикасын өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесін қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Қарасай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (Жұмағұлов Махмудбек Нүсіпбекұлы) және "Қарасай аудандық жұмыспен қамту орталығы" (Жұмағұлов Марат Балабайұлы) мемлекеттік мекемелері жастар практикасын өту үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының түлектер қатарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмыс берушілерге жіберсін және жұмыс берушілермен жастар практикасын өту үшін жұмыс орнын құру туралы шарттар жасалсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Дәуренбаев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Қарасай ауданының жұмыспен | |
қамту және әлеуметтік | |
бағдарламалар бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің | |
бастығы | Жұмағұлов Махмудбек Нүсіпбекұлы |
"Қарасай ауданының жұмыспен | |
қамту орталығы" мемлекеттік | |
мекемесінің директоры | Жұмағұлов Марат Балабайұлы |
Қарасай ауданы әкімдігінің 2012 жылдың 24 ақпандағы N 2-216 "2012 жылға жастар практикасын ұйымдастыру туралы" қаулысына қосымша |
2012 жылға өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес жастар
практикасын өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс
берушілердің тізбесі
N | Мекеменің атауы | Ұйымдас- тыратын жұмыс орындарының саны | Кәсіби (мамандығы) | Айлық жалақы мөлшері, теңге | Жастар практикасы- ның ай бойынша ұзақтығы |
1 | "Қарасай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме | 1 | заңгер | 26000 теңге | 6 ай |
1 | әлеуметтік саладағы қызметкер | 26000 теңге | |||
1 | ақпараттану | 26000 теңге | |||
2 | Нұр Отан Халықтық Демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы Қарасай аудандық филиалы | 1 | ақпараттану | 26000 теңге | 6 ай |
3 | "Қарасай ауданының білім дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 1 | педагогика және психология | 26000 теңге | 6 ай |
4 | "Қарасай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 1 | экономист- есепші | 2600 теңге | 6 ай |
5 | "Қарасай ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 1 | экономист | 26000 теңге | 6 ай |
6 | "Қарасай ауданының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 1 | агроинженерия | 26000 теңге | 6 ай |
7 | "Қарасай аудандық тұрғын- үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы тасымалдау және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 1 | экономист | 26000 теңге | 6 ай |
8 | "Қарасай ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 1 | саясаттанушы | 26000 теңге | 6 ай |
9 | Қарасай ауданының прокуратурасы | 1 | заңгер | 26000 теңге | 6 ай |
10 | "Қарасай аудандық қазынашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі | 1 | ақпараттану | 26000 теңге | 6 ай |
11 | Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Алматы облыстық филиалының Қарасай аудандық бөлімшесі | 1 | экономист | 26000 теңге | 6 ай |
12 | "Қарасай ауданының статистика басқармасы" мемлекеттік мекемесі | 1 | заңгер | 26000 теңге | 6 ай |
13 | "Қарасай аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 1 | қаржыгер | 26000 теңге | 6 ай |
14 | "Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 1 | есепші | 26000 теңге | 6 ай |
1 | ақпараттану | 26000 теңге | |||
15 | Қарасай аудандық Агроөнеркәсіптік кешені қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті | 1 | экономист- есепші | 26000 теңге | 6 ай |
16 | Балқаш – Алакөл экологиялық департаментінің Алматы облысы бойынша филиалы | 1 | эколог | 26000 теңге | 6 ай |
17 | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы облысының әділет департаменті Қарасай ауданының Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі | 1 | заңгер | 26000 теңге | 6 ай |
18 | Білім беру мекемесі "Аяжан" колледжінің Қаскелең қаласындағы филиалы | 1 | қазақ тілінің оқытушысы | 26000 теңге | 6 ай |
1 | заңгер | 26000 теңге | |||
2 | ақпараттану | 26000 теңге бір адамға есептелінген | |||
19 | "Қаз пошта" Акционерлік қоғамы | 3 | оператор | 26000 теңге бір адамға есептелінген | 6 ай |
2 | есепші | 26000 теңге бір адамға есептелінген | |||
20 | "Сәуір" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 3 | есепші | 26000 теңге бір адамға есептелінген | 6 ай |
21 | "Жаңыл" Жеке кәсіпкері | 1 | құрылысшы | 26000 теңге | 6 ай |
1 | медбике | 26000 теңге | |||
1 | әкімші | 26000 теңге | |||
22 | "Токер" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 1 | кондитер | 26000 теңге | 6 ай |
23 | "Эфес Қарағанды" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 1 | есепші | 26000 теңге | 6 ай |
1 | логист | 26000 теңге | |||
24 | "Меркур–Пром" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 1 | есепші | 26000 теңге | 6 ай |
1 | электрик | 26000 теңге | |||
25 | "Шай орталығы" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 1 | есепші | 26000 теңге | 6 ай |
26 | "Қазақ соқырлар қоғамының оқу- өндірістік кәсіпорыны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 1 | менеджер | 26000 теңге | 6 ай |
27 | "Абишева" Жеке кәсіпкері | 1 | әкімші | 26000 теңге | 6 ай |
1 | оператор | 26000 теңге | | ||
28 | "Қанат" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 1 | заңгер | 26000 теңге | 6 ай |
29 | "Каратаева" Жеке нотариусы | 1 | заңгер | 26000 теңге | 6 ай |
30 | "San&Ven" Жеке кәсіпкері | 2 | ақпараттану | 26000 теңге бір адамға есептелінген | 6 ай |
31 | "АТФ Банк" Акционерлік қоғамы | 3 | есепші | 26000 теңге бір адамға есептелінген | 6 ай |
32 | "БТА Банк" Акционерлік қоғамы | 3 | агенттер | 26000 теңге бір адамға есептелінген | 6 ай |