РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына және 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарасай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасай ауданы елді мекендерінің шекаралары (шегі) ұсынылған схемалық карталарға сәйкес өзгертілсін:
1) Елтай ауылдық округінің Елтай ауылының шекарасына көлемі 143,000 гектар жер телімі қосылсын.
2) Ұмтыл ауылдық округінің Жамбыл ауылының шекарасына көлемі 67,000 гектар жер телімі қосылсын.
2. Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық бөлімі тіркеу құжаттарына өзгеріс енгізсін.
3. Аудан әкімдігінің осы қаулысы мен аудандық мәслихаттың шешімінің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қиқымов Сәтжан Манасұлына жүктелсін.
4. Осы аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қарасай ауданының әкімі Дәуренбаев А.А.
Қарасай аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Тұрысбеков Қ.Т.
Қарасай ауданы
мәслихатының хатшысы Қалиев Е.Ә
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарасай ауданының жер
қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Жұмабаев Жомарт Дауысқожаұлы
06 қараша 2012 жыл
"Қарасай аудандық сәулет
және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Оразалиев Мади Жуанышбекұлы
06 қараша 2012 жыл