РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарасай аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі және Бірінші Май ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып, Бірінші Май ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Бірінші Май ауылдық округі Бекболат ауылының оңтүстік батысында орналасқан жаңа көшелерге: бірінші көшеге - Болашақ, екінші көшеге - Көкжиек, үшінші көшеге - Үйтас, төртінші көшеге - Бәйтерек, бесінші - Үшқоңыр, Бекболат ауылының оңтүстік шығысында орналасқан жаңа көшелерге: бірінші көшеге - Бұрған, екінші көшеге - Көктөбе, үшінші көшеге - Қасқасу, төртінші көшеге - Таусамалы, бесінші көшеге - Жаңалық, алтыншы көшеге - Талапкер, жетінші көшеге - Ұлттар достығы, сегізінші көшеге - Алатау, тоғызыншы көшеге - Айдарлы, оныншы көшеге - Еңбек, Бекболат ауылының солтүстік шығысында орналасқан жаңа көшеге: бірінші көшеге - Майбұлақ. Сауыншы ауылының батысында орналасқан жаңа көшелерге: бірінші көшеге - Ардагерлер, екінші көшеге - Омарта, үшінші көшеге - Нұрлытау, төртінші көшеге - Ынтымақ аттары қойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Бірінші май ауылдық
округінің әкімі М. Қарнақов