Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2012.10.02 N 265 Қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 18)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 9)-тармақшасына сәйкес, Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылғы 28 сәуірдегі N 11 ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бастөбе ауылдық округінің "Жылыбұлақ" ауылында мүйізді ұсақ малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қонақбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Дүйсембінов
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрлігі
Ветеринариялық қадағалау және
бақылау комитетінің Қаратал
аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы Алмат Полатұлы Күншығар
21 мамыр 2012 жыл
Қаратал ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы Владимир Петрович Маркевич
21 мамыр 2012 жыл