Қаратал ауданында аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 тамыздағы N 9-45 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 13 қыркүйекте N 2103 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы N 24-105 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 25.11.2013  N 24-105 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы N 471 "Тұрғын үй көмегін алуға сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қаратал ауданында аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Қаратал аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 36-170 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 28 сәуірдегі 2-12-146 нөмірімен тіркелген, 2010 жылы 14 мамырдағы N 21 "Қаратал" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау, аудандық мәслихаттың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету, заңдылықты құқылық тәртіпті, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы:                           Б. Байтаев

      Мәслихат хатшысы:                          Б. Смаилов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Қаратал ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Серік Жапарұлы Амандосов
      2012 жыл 20 тамыз

Қаратал ауданы мәслихатының
2012 жылғы 20 тамыздағы "Қаратал
ауданында аз қамтамасыз етілген
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын
үй көмегін көрсетудің мөлшері
мен тәртібін айқындау туралы"
N 9-45 шешіміне қосымша

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы N 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді.

Жалпы ережелер

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      өтініш беруші – тұрғын үй көмекті тағайындау үшін отбасы атынан өтініш беретін адам;
      кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын ауданның жергілікті атқарушы органы;
      учаскелік комиссия – тұрғын үй көмегін алуға өтініш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды дайындау үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп – ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (жалға алушылары) болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
      коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Белгіленген нормадан артық тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін азаматтар жалпы негіздер бойынша төлейді.
      Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерінің, тұрғын үйді жалға алу төлемақысының өтемақы төлемдерін қамтамасыз ететін нормалар шегінде нақты ақы төлеу шығындары жиынтық табысының он пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.
      Барлық мүгедек топқа жататын азаматтар, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, сексен жастан асқан тұлғаларға қарайтын, немесе үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелейтін азаматтарды қоспағанда, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, жұмыс істемейтін және жұмыссыз ретінде уәкілетті органда тіркелмеген еңбекке қабілетті тұлғалары бар аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      Егер өтініш беруші толық емес немесе шындыққа сай келмейтін мәліметтерін берген жағдайда тұрғын үй көмегіне ұсынылған құжаттар қабылданбайды.
      Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау.
      4. Тұрғын үй көмегі тағайындалады – Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасында тұратын және тұрып қайту рұқсаты бар азаматтығы жоқ тұлғаларға отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шегінен төмен болған жағдайда жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады. Жалғыз басты барлық топтағы мүгедектер мен зейнеткерлерге ең төменгі күн көріс деңгейінің шегіне қарамастан тұрғын үй көмегі тағайындалады.
      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін есептеу мерзімі өтінішімен қоса барлық қажетті құжаттарды өткізген жылдың тоқсаны болып саналады. Қайталанған өтініш кезінде тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда құжаттарды ұсыну мерзімінен тәуелсіз тоқсанға тағайындалады. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға немесе пайдалануға беруші аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі берілмейді.
      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) өтініші мен қоса уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне келесі құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі.
      2) өтініш иесінің тұрғын үйге құқық беретін құжатының көшірмесі.
      3) тұрғын үйдің жалдаушысы осы үйдің иесімен нотариалды куәландырылған сенімхаттың көшірмесі.
      4) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (немесе тұрғылықты жерінен анықтама).
      5) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      6) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп- ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар.
      7) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары, телекоммуникация қызметтері үшін түбертек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі.
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланған үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын өтініш иесінің тұрғын үйге құқық беретін құжаттары болмаған жағдайда учаскелік комиссияның қосымша актісімен расталады.
      Өтініш берушіге тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжат тапсырған айының алдыңғы айының төлем түбіртектері есептелінеді.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      7. Тұрғын үй көмегін төлеу және тағайындау бойынша уәкілетті органы жоқ болған жағдайда өтініш беруші тұрғылықты мекен-жайы бойынша құжаттарды ауылдық округтердің әкіміне өткізеді.
      8. Уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округ әкімінің атынан өтінішімен оған қоса құжаттармен және учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге өтініштерді қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап отыз күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындамау туралы есеп жүргізеді.
      9. Тұрғын үй көмегін алушылар он бес күн мерзімде уәкілетті органды көмек мөлшерінің өзгеруі үшін негіз болатын немесе алуға әсер ететін мән-жайлар туралы хабарлайды.
      Өтініш беруші тұрғын үй көмегінің мөлшеріне немесе оны алу құқығына күмән келтіретін мән-жайлар туралы хабарламағанда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған уақыттан).
      Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда- сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
      10. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі құжаттардың көшірмелерін тексеріп, оларды тіркеуден өткізеді және өтініш берушіге құжаттарын қабылдағаны жөніндегі растайтын құжат беріледі.
      Жанұя құрамында нақты тұратын адам саны ауылдық округтің учаскелік комиссиясының тексеру актісінде анықталады.
      11. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" N 471 Бұйрығы негізінде есептеледі.
      12. Өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етілген тұрғын үйлер аумағының нормалары заңнамамен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормаларына баламалы.
      13. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар ескеріледі:
      1) газ тұтыну – жеке үйде тұратын отбасылары үшін 1 айға 1 кіші газ баллон.
      2) электр энергиясын қолдану.
      - 1 адамға -45 киловатт.
      - 2 адамға - 90 киловатт.
      - 3 адамға - 135 киловатт.
      - 4 және одан да көп адамнан тұратын отбасыларына - 150 киловатт.
      3) сумен қамтамасыз ету – әр отбасы мүшесіне су өлшеуіш құралы болған жағдайда көрсеткішке байланысты.
      4) от жағу маусымына жылына бір рет, үшінші немесе төртінші тоқсанда - 4 тонна көмір.
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шоты.
      14. Аумақтың тұрғындары қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер тарифтерін, 1 тонна көмірдің бағасын аудан әкімдігі белгілейді.

Қаржыландыру және төлеу

      15. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру аудан бюджетінде тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      16. Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейлі банктердің бөлімшелері арқылы аудару жолымен жүргізіледі.

Қорытынды

      17. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Каратальского района

Решение маслихата Каратальского района Алматинской области от 20 августа 2012 года N 9-45. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 13 сентября 2012 года N 2103. Утратило силу решением маслихата Каратальского района Алматинской области от 25 ноября 2013 года N 24-105

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Каратальского района Алматинской области от 25.11.2013 N 24-105.
      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года N 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года N 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующий на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" Каратальский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Каратальского района, согласно приложения.
      2. Признать утратившим силу решение Каратальского районного маслихата от 16 апреля 2010 года "О порядке и размере оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)" N 36-170 (зарегистрировано в управлении юстиции Каратальского района в государственном Реестре нормативно-правовых актов от 28 апреля 2010 года N 2-12-146, опубликованное в газете "Каратал" N 21 от 14 мая 2010 года).
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам строительства жилищно-коммунального хозяйства, транспорта и связи, бытового обслуживания, торговли, общественного питания, социально-культурного обслуживания населения, законности, правопорядка, обеспечения прав, свобод и защиты интересов населения.
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии:                        Б. Байтаев

      Секретарь маслихата:                       Б. Смаилов

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник государственного
      учреждения "Отдел занятости
      и социальных программ
      Каратальского района"                      Амандосов Серик Жапарович
      20 августа 2012 года

Приложение
к решению Каратальского районного
маслихата N 9-45 от 20 августа
2012 года "Об определении размера
и порядка оказания жилищной
помощи малообеспеченным семьям
(гражданам) Каратальского района

Размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным
семьям (гражданам)

      Настоящий размер и порядок оказания жилищной помощи разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года N 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года N 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующий на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде".

Общие положения

      1. В настоящих размере и порядке оказания жилищной помощи используются следующие основные понятия:
      доля предельно - допустимых расходов – отношение предельно - допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи, в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользованием жилищем к совокупному доходу семьи (гражданина) в процентах;
      совокупный доход семьи (гражданина) - общая сумма доходов семьи (гражданина) за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;
      заявитель – лицо, обращающееся от имени семьи за назначением жилищной помощи;
      орган управления объектом кондоминиума – физическое или юридическое лицо, осуществляющее функции по управлению объектом кондоминиума;
      уполномоченный орган - исполнительный орган района, финансируемый за счет средств местного бюджета, осуществляющий назначение жилищной помощи;
      участковая комиссия – специальная комиссия, создаваемая решением акима соответствующих административно - территориальных единиц для проведения обследования материального положения семей, обратившихся за получением жилищной помощи и подготовки заключений;
      расходы на содержание жилого дома (жилого здания) - обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир), посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, расходы на приобретение, установку, эксплуатацию и проверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, расходы на оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также взносы на накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов.
      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности и являющимся собственниками или нанимателями (арендателями) жилища на оплату:
      расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      потребления коммунальных услуг;
      услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища в порядке установленным законодательством в области связи.
      арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      3. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуги связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно - допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.
      Оплата расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенной к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем сверх установленной нормы производится гражданам на общих основаниях.
      Доля предельно- допустимого уровня расходов семьи в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем назначается к совокупному доходу семьи в размере десяти процентов.
      Жилищная помощь не назначается малообеспеченным семьям (гражданам), имеющих трудоспособных лиц, которые не работают, не учатся по дневной форме обучения, не служат в армии и не зарегистрированы в уполномоченном органе в качестве безработных, за исключением инвалидов всех групп, лиц осуществляющих уход за инвалидами первой и второй группы, детьми – инвалидами до восемнадцати лет, лицами старше восемьдесят лет, или занятых воспитанием детей в возрасте до трех лет.
      В случае предоставления заявителем не полных или не достоверных сведений документы на жилищную помощь не принимаются.

Размер и порядок назначения жилищной помощи

      4. Жилищная помощь назначается – гражданам Республики Казахстан, оралманам, лицам без гражданства, имеющим вид на жительство и постоянно проживающим в Республике Казахстан с месячным среднедушевым доходом ниже прожиточного минимума, установленной в областях, городе республиканского значения, столице. Для одиноко проживающих пенсионеров и инвалидов всех групп жилищную помощь назначать без учета прожиточного минимума.
      5. Расчетным периодом для назначения жилищной помощи считается квартал года, в котором подано заявление со всеми необходимыми документами. При повторном обращении жилищная помощь назначается за квартал независимо от времени представления документов в текущем квартале.
      Малообеспеченные семьи (граждане), имеющие в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающие жилые помещения в наем или аренду, жилищная помощь не предоставляется.
      6. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) обращается в уполномоченный орган либо акиму сельского округа с заявлением и представляет следующие документы:
      1) копию документа, удостоверяющего личность заявителя.
      2) копию правоустанавливающего документа заявителя на жилище.
      3) копию нотариально заверенной доверенности на проживание для нанимателей (поднанимателей) жилища.
      4) копию книги регистрации граждан или справку с места жительства.
      5) документы подтверждающие доходы семьи. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующий на получение жилищной помощи, определяется уполномоченным органом в сфере жилищных отношений.
      6) счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания).
      7) счета на потребление коммунальных услуг, квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи.
      8) счет о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленный местным исполнительным органом.
      При отсутствии правоустанавливающих документов на дом, жилищная помощь назначается заявителям, постоянно проживающих в указанном доме, на основании и дополнительного акта, составленного участковой комиссией.
      Заявителю для назначения жилищной помощи необходимо предоставить копии оплаченных квитанций за предшествующий месяц перед месяцем обращения.
      Документы предоставляются в подлинниках и в копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.
      7. При отсутствии уполномоченного органа по назначению и выплате жилищной помощи по месту жительства заявитель сдает документы акиму сельского округа.
      8. Уполномоченный орган принимает от заявителя или акима сельского округа заявление с прилагаемыми документами и заключениями участковых комиссий, рассматривает их в течение тридцать дней со дня получения и производит расчет назначения жилищной помощи или отказе в ней.
      9. Получатели жилищной помощи в пятнадцатидневный срок обязаны известить уполномоченный орган по назначению и выплате жилищной помощи об обстоятельствах, которые могут служить основанием для изменения размера помощи или влияющих на его получение.
      В случаях, когда заявитель своевременно не известил об обстоятельствах, влияющих на размер или на право получать жилищную помощь, перерасчет производится в следующем квартале (по факту обнаружения).
      Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном порядке, а в случае отказа – в судебном порядке.
      10. Уполномоченный орган по назначению и выплате жилищной помощи или аким сельского округа заверяет копии документов, регистрирует их и выдает заявителю подтверждение о принятии документов.
      Количество человек фактически проживающих в составе семьи заявителя подтверждается в акте обследования участковой комиссии городского, сельского округа.
      11. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующий на получение жилищной помощи рассчитывается на основании Приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно - коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года N 471 "Об утверждении правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующий на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде".
      12. Нормы площади жилья, обеспечиваемые компенсационными выплатами, эквивалентны нормам предоставления жилья на каждого члена семьи, установленным законодательством.
      13. При назначении жилищного пособия учитываются следующие нормы:
      1) для потребление сжиженного газа проживающим в частном секторе в месяц- 1 маленький баллон.
      2) потребление электроэнергии:
      - на 1- го человека – 45 квт;
      - на 2-х человек – 90 квт;
      - на 3-х человек – 135 квт;
      - на 4-х и более человек – 150 квт.
      3) обеспечение водоснабжением – на каждого члена семьи при наличии приборов учета по показаниям.
      4) на отопительный сезон один раз в год – 4 тонны угля выплачивается в третьем или четвертом квартале.
      5) на содержание жилого дома (жилого здания) согласно счета о размере целевого взноса.
      14. Тарифы на коммунальные услуги и цена одной тонны угля, которыми обеспечивается население данной территории, утверждается акиматом района.

Финансирование и выплата

      15. Финансирование выплат жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год.
      16. Выплата жилищной помощи осуществляется через отделения банков второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей.

Заключение

      17. Отношения, не урегулированные настоящим размером и порядком оказания жилищной помощи, регулируется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.