РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27–бабының 3-тармағына, 28-бабының 1-тармағына, 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 274 Жарлығын іске асыру туралы" N 326 Қаулысына сәйкес, Көксу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кент, ауылдық округ әкімдеріне Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Строителей көшесі 13 үй мекен-жайында орналасқан шақыру учаскесінде "Ескелді аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскесі арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ, он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. Азаматтарды әскери қызметке жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Кент, ауылдық округ әкімдері 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру мерзімінде әскер қатарына шақырылғандарды, олардың шақыру учаскесіне шақырылғандығы туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын.
5. "Көксу аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Бақмұрат Дүйсембайұлы Байжұрынов (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және жеткізуді өз құзыреті шегінде ұйымдастырып, шақырылушыларды жөнелту кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
6. Көксу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі "1984-1993 жылдары туылған Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскери қызметке шақыру туралы" 2011 жылғы 25 сәуірдегі N 153 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылдың 20 мамырында 2-14-110 нөмірімен енгізілген "Нұрлы Көксу" газетінде 2011 жылдың 17 маусымында N 24 жарияланған ) күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға жүктелсін.
8. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Өсербаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Көксу аудандық орталық
аурухана" мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының
бас дәрігері Ағыбаев Ғани Бартайұлы
30 наурыз 2012 жыл
Көксу аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы,
подполковник Байжұрынов Бақмұрат Дүйсембайұлы
30 наурыз 2012 жыл
"Алматы облысы Ескелді
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы, подполковник Қанағатов Асан Уахитұлы
30 наурыз 2012 жыл
Көксу ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 30 наурыздағы
"Қазақстан Республикасының
азаматтарын 2012 жылдың сәуір-
маусымында және қазан–
желтоқсанында кезекті мерзімді
әскери қызметке шақыру
туралы" N 130 қаулысына
1-қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Садықова Әлия Секерғалиқызы - Аудан әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы;
Қанағатов Асан Уахитұлы – "Ескелдi аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің бастығы,комиссия төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелерi:
Ақбасов Хасен Ерасылұлы – "Көксу аудандық iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары;
Алшынбеков Жұмабек Махатұлы – "Көксу аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның бас дәрiгерiнiң орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы;
Әбiшова Гүлнар Шабалинқызы –" Көксу аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның медбикесi, комиссия хатшысы.
Көксу ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 30 наурыздағы
"Қазақстан Республикасының
азаматтарын 2012 жылдың сәуір-
маусымында және қазан–
желтоқсанында кезекті мерзімді
әскери қызметке шақыру
туралы" N 130 қаулысына
2-қосымша
Аудан бойынша азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткiзу
кестесi:
Р/с |
Кенттiк |
Сәуiр Мамыр |
Қазан |
Желтоқсан |
|||||||||||||||||
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
24 |
25 |
26 |
29 |
30 |
1 |
2 |
3 |
6 |
7 |
||
1 |
Айнабұлақ |
+ |
+ |
||||||||||||||||||
2 |
Алғабас |
+ |
+ |
||||||||||||||||||
3 |
Еңбекшi |
+ |
+ |
||||||||||||||||||
4 |
Жарлыөзек |
+ |
+ |
||||||||||||||||||
5 |
Қабылиса |
+ |
+ |
||||||||||||||||||
6 |
Мұқыры |
+ |
+ |
||||||||||||||||||
7 |
Мұқаншы |
+ |
+ |
||||||||||||||||||
8 |
Мұсабек |
+ |
+ |
||||||||||||||||||
9 |
Лабасы |
+ |
+ |
||||||||||||||||||
10 |
Балпық |
+ |
+ |