1995 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің 2012 жылғы 9 ақпандағы N 2-09 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Райымбек ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 24 ақпанда N 2-15-115 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17–бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 05 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын анықтау, әскери қызметке жарамдылығын және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын-ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды Райымбек ауданы, Кеген селосы Бауыржан Момышұлы көшесі N 18 мекен-жайында орналасқан "Алматы облысы, Райымбек ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Ауылдық (селолық) округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген мерзімде "Алматы облысы, Райымбек ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Байедилов Талғат Ескендірұлына жүктелсін.
      4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Медеуов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Алматы облысы, Райымбек
      ауданының Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы,
      подполковник                               Әбілғазиев Нұрдаулет Пазылжанұлы
      09 ақпан 2012 жыл

Об организации и обеспечении приписки граждан 1995 года рождения к призывным участкам

Решение акима Райымбекского района Алматинской области от 9 февраля 2012 года N 2-09. Зарегистрировано Управлением юстиции Райымбекского района Департамента юстиции Алматинской области 24 февраля 2012 года N 2-15-115

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

       В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года, "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" статьей 17 Закона Республики Казахстан от 08 июля 2005 года "О воинской обязанности и воинской службе" и постановления Правительства Республики Казахстан от 05 мая 2006 года N 371 "Об утверждении Правил о порядке ведения воинского учета военнобязанных и призывников в Республике Казахстан", в целях принятия граждан на воинский учет, определения их количества, годности к воинской службе и состояния здоровья, установления общеобразовательного уровня и специальности, определения уровня физической подготовки, предварительного предназначения призывников, отбора кандидатов для подготовки по военно-техническим специальностям и поступления в военные учебные заведения аким района РЕШИЛ:
      1. Организовать и обеспечить приписку граждан мужского пола 1995 года рождения к призывному участку через государственное учреждение "Отдел по делам обороны Райымбекского района Алматинской области", расположенному по адресу: Райымбекский район, село Кеген, улица Бауыржана Момышулы N 18 в январе-марте 2012 года.
      2. Акимам сельских округов и руководителям организаций в сроки установленные Министерством обороны Республики Казахстан, предоставить в государственное учреждение "Отдел по делам обороны Райымбекского района Алматинской области" списки допризывников, подлежащих приписке к призывному участку.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима района Байедилова Талгата Ескендировича.
      4. Настоящее решение вступает в силу с момента государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Акима района                               К. Медеуов

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник государственного
      учреждения "Отдел по делам
      обороны Райымбекского района
      Алматинской области",
      подполковник                               Абилгазиев Нурдаулет Пазылжанович
      09 февраля 2012 года