Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 05.12.2014 № 5-41-270 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Панфилов ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік саясат, спорт және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Оңласынов
Мәслихат хатшысы Т. Оспанов
КЕЛІСІЛДІ:
Панфилов ауданының "Экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік
мекеменің бастығы Оспанов А.А.
12 сәуір 2012 жыл