Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан ауданы әкімінің 14.12.2012 N 2 шешімімен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағы 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" № 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын анықтау, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында Сарқан ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1995 жылғы туылған еркек жынысты азаматтарды Сарқан қаласы, Жамбыл көшесі, 96 мекен жайында орналасқан "Алматы облысы Сарқан ауданының Қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша) арқылы шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Қалалық, ауылдық, поселкелік округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген мерзімде "Алматы облысы Сарқан ауданының Қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша) шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ғалымжан Қанатұлы Маманбаевқа жүктелсiн.
4. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі Т. Шарапиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Алматы облысы Сарқан
ауданының Қорғаныс iстер
жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк
мекемесiнiң бастығы Кұмарғалиев Руслан Шораұлы
23 қаңтар 2012 жыл