РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5–бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тiзбесi келесідей белгiленсін:
уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;
өз еркімен жұмыстан босатылған азаматтар;
бір жылдан аса жұмыс істемейтін адамдар;
бұрын жұмыс істемеген адамдар;
18 жасқа дейінгі балалары бар адамдар;
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілер;
қырық бес жастан үлкен тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары Райхан Нұрмұрзақызы Садықоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Өміралиев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Талғар ауданының жұмыспен | |
қамту және әлеуметтік | |
бағдарламалар бөлімінің" | |
мемлекеттік мекемесінің бастығы | Орынтай Шәріпұлы Бүркітов |
"Талғар аудандық жұмыспен | |
қамту орталығы" мемлекеттік | |
мекемесінің директоры | Мурат Ильясұлы Туғанбеков |