РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 - бабындағы 4) тармақшасына және Қарасай ауылы халқының пікірін ескере отырып, Қарасай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарасай ауылының шығыс жағында орналасқан бірінші көшесіне «Қырғау» атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімі аппаратының бас маманы Зоя Нусупбекқызы Акылбаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасай ауылдық округінің әкімі Ж. Алтыбаев