РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 17-бабының 3 тармағына және «Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМIН:
1.«Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы К.Ердосовқа (келiсiм бойынша) 2012 жылы Т. Рысқұлов ауданының аумағында тұратын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесiне тiркеудi жүргiзу ұсынылсын.
2.Ауылдық округ әкімдері «Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, тіркеу жүргізу учаскесіне 1995 жылғы жасөспірімдерді тіркеуге келуін қамтамасыз етсін.
3.«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақытылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.
4.«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Ш.Мырзалиевке (келісім бойынша) шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтау үшін «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 қаулысында айқындалған тәртіппен азаматтарды медициналық куәландрудан өткізу ұсынылсын.
5.«Жамбыл облысының Ішкі істер Департаментінің Т.Рысқұлов ауданының Iшкi iстер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы С.Ашималиевке (келiсiм бойынша) өз құзыреттерi шегiнде әскери мiндеттерiн орындаудан жалтарған адамдарды iздестiрудi және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Қарсыбаевқа жүктелсiн.
7. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі А.Нұралиев
«КЕЛIСIЛДI»
«Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
К.Ж.Ердосов
23.01.2012 жыл
«Жамбыл облысының Ішкі істер Департаментінің Т.Рысқұлов
ауданының Iшкi iстер бөлімі»
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
С.Т.Ашималиев
23.01.2012 жыл
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы
Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
Ш.Мырзалиев
23.01.2012 жыл