РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27 бабына, «Әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әскерге шақыруды кейiнге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегiз жастан жиырма жетi жасқа дейiнгi ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жетi жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгiленген мерзiмдерiн өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
Тоқсанбаева Мағия |
- |
Сарысу ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы; |
Абдиев |
- |
«Жамбыл облысы Жаңатас қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Комиссия мүшелері: |
||
Жұмағұлов |
- |
«Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті Сарысу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша); |
Қырғызбаева |
- |
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны бас дәрігерінің орынбасары, дәрігерлік комиссия төрайымы (келісім бойынша). |
Керімбеков |
- |
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының медағасы, комиссия хатшысы (келісім бойынша). |
3. «Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті Сарысу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өздерінің құзыреті шегінде әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірінен туындайтын қатынастарға таралады.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Тоқсанбаеваға жүктелсін.
Аудан әкімі Ж.Омаров
«КЕЛIСIЛДI»
«Жамбыл облысы Жаңатас қаласының
Қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген
бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң
бастығы
Е.Абдиев
29.03.2012 жыл
«Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң денсаулық
сақтау басқармасы Сарысу аудандық
орталық ауруханасы» коммуналдық
мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынының
бас дәрiгерi
Р.Мұханов
04.04.2012 жыл
«Жамбыл облысының Iшкi iстер
Департаментi Сарысу ауданының iшкi
iстер бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң
бастығы
Б.Нүркенов
04.04.2012 жыл