Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2012 жылдың 2 тамыздағы N 02-02-01-24/250-ОАШК ұсынысының негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумағының шекарасын және қорғау режимінің түрлерін бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтуғановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Ә. Құсайынов
Қарағанды облысы әкімдігінің
2012 жылғы 04 қазандағы
N 51/02 қаулысына
қосымша
Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері
N п/п |
Атауы |
Шекаралары |
Қорғау режимінің түрі |
1 |
"Тихонов қайыңды тоғайы" |
Қарағанды облысы, "Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қарағанды орманшылығы, Қарағанды-Теміртау трассасы бойынша Қарағанды қаласының шекарасынан 1 километр солтүстік-шығысқа қарай, Бұқар жырау ауданының жерлерінде; 10 гектар |
Қорықтық |
2 |
"Кәдімгі қарағайдың екпесі" |
Қарағанды облысы, "Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қарағанды орманшылығы, 31 квартал, 14, 15 телім; 5,7 гектар |
Қорықтық |
3 |
"Биші қайыңдар тоғайы" |
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті; 2 гектар |
Қорықтық |
4 |
"Шаған жапырақты үйеңкі" екпесі |
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Ермеков көшесі, 13 үй; бір ағаш |
Қорықтық |