Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 18.07.2013 N 29/1 қаулысымен.
Нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 18-1-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 316 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы" қаулысын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы N 972 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" қаулысын орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Теміртау қаласы әкімдігінің "Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркелген, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру жұмыстарын ұйымдастырсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2012.03.15 N 11/1 (2012.01.01 бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.
2. алынып тасталды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2012.07.05 N 26/1 (бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру шараларын қаржыландыру 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламасының 104 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушыларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету" бағдарламашасында және 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" бағдарламашасында қарастырылған қаражаттар есебінен жүргізілсін.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2012.03.15 N 11/1 (2012.01.01 бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.
4. Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыссыз азаматтардың жалақысын төлеу келесі шарттарда белгіленсін:
алғашқы алты айда - жалақының 50% немесе 26000 теңге;
екінші үш айда - жалақының 30% немесе 15600 теңге;
соңғы үш айда - жалақының 15% немесе 7800 теңге.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Юрий Викторович Жулинге жүктелсін.
6. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Теміртау қаласының әкімі Н. Сұлтанов
Теміртау қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 26 қаңтардағы
N 4/1 қаулысына қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің тізімі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2012.03.15 N 11/1 (2012.01.01 бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.
N |
Кәсіпорын атауы |
Мамандық |
Әлеуметтік жұмыс орындарының саны |
Айлық жалақы мөлшері (теңге) |
Жұмыстың ұзақтығы (ай) |
Республикалық және қалалық бюджет қаражаты есебінен өтелетін айлық жалақының мөлшері (теңге) |
1 |
"Азия Стил" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
электрмен дәнекерлеуші, темір бетон және металл құрылымдарын құрастырушы |
1 1 |
52 000 52 000 |
12 12 |
алғашқы 6 айда – 26000, екінші 3 айда – 15600, соңғы 3 айда - 7800 |
2 |
"Магистраль-2010" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
газбен және электрмен дәнекерлеуші, қалаушы, қарауыл, әр түрлі жұмыс жасайтын жұмысшы |
1 1 1 1 |
52 000 52 000 52 000 52 000 |
12 12 12 12 |
алғашқы 6 айда – 26000 екінші 3 айда – 15600, соңғы 3 айда - 7800 |
3 |
"Ескандер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
жол жұмысшысы |
4 |
52 000 |
12 |
алғашқы 6 айда – 26000, екінші 3 айда – 15600, соңғы 3 айда - 7800 |
4 |
"Мартенстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
бетоншы, құрастырушы, сырлаушы-сылақшы, әр түрлі жұмыс жасайтын жұмысшы |
1 1 1 1 |
52 000 52 000 52 000 52 000 |
6 6 6 6 |
алғашқы 3 айда – 15600, екінші 3 айда – 7800 |
5 |
"Копылов С.В." жеке кәсіпкері |
кеңсе-менеджері, "В" санатының жүргізушісі |
1 |
52 000 52 000 |
6 6 |
алғашқы 3 айда – 15600 екінші 3 айда – 7800 |
6 |
"Бриг Альянс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
әр-түрлі жұмыс жасайтын жұмысшы |
10 |
17439 |
6 |
8720 |
7 |
"Плохих" жеке кәсіпкер |
бармен, даяршы |
3 |
17 439 17 439 |
6 |
8720 |
8 |
"Барс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
менеджер |
4 |
17 439 |
6 |
8720 |
9 |
"Восток-1" ПМК |
аула сыпырушы, слесарь-сантехник |
2 1 |
17 439 |
6 |
8720 |
10 |
"Ли" жеке кәсіпкер |
бармен, даяршы |
1 2 |
17 439 |
6 |
8720 |