Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының V сессиясының 2012 жылғы 20 маусымдағы N 46 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы" Кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
1. Қоса беріліп отырған Қаражал қаласында жануарларды ұстау Ережесі бекiтiлсiн.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Сыртанбеков) жүктелсін.
3. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енедi.
II сессияның төрағасы Е. Қуанышев
Қалалық мәслихаттың хатшысы З. Оспанова
Келiсiлдi:
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Қаражал
аумақтық инспекциясы"
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы Ш. Рсалдин
28 наурыз 2012 жыл
"Қаражал қаласы
ауыл шаруашылығы
және ветеринария бөлiмi"
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы А. Рахимжанов
28 наурыз 2012 жыл
"Қаражал қаласының ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
полиция подполковнигі А. Тәкібаев
28 наурыз 2012 жыл
Қаражал қалалық мәслихатының
2012 жылғы 28 наурыздағы
II сессиясының N 25 шешімімен
бекітілген
Қаражал қаласында жануарларды ұстау
Ережесі
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Қаражал қаласында жануарларды ұстау Ережесі (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы" Кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Агроөнеркәсiптiк кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңына, "Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 2331 Қаулысына, "Кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 4 қарашадағы N 1754 Қаулысына сәйкес, тұрғындарды адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ бiрге тұруға қолайлы жағдай жасау мақсатында әзiрлендi.
2. Осы Ережеде төмендегi түсiнiктер қолданылды:
1) ауыл шаруашылығы жануарлары – ауыл шаруашылығы өнiмдерiне тiкелей қатысы бар адамдар өсiретiн жануарлардың барлық түрлерi;
2) ветеринариялық құжаттар – мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы беретiн ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы жануарға, жануардан алынатын өнiмге және шикiзатына ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң жергiлiктi атқарушы органы бөлiмшесiнiң ветеринариялық дәрiгерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен жануарлардың, жануардың, жануардан алынатын өнiмнiң және шикiзаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн айқындау жөнiнде өндiрiстiк бақылау бөлiмшесiнiң аттестатталған ветеринариялық дәрiгерi беретiн ветеринариялық анықтама;
3) ветеринариялық iс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеудi немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн аса қауiптi аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнiмдiлiгiн арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бiрдейлендiру рәсiмiн қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсiмдер кешенi;
4) ветеринариялық паспорт – Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысандағы құжат, онда: малды есепке алу мақсатында малдың иесi, түрi, жынысы, түсi, жасы көрсетіледі;
5) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар - мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгiлейтiн, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердiң негiзiнде ветеринариялық iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын нормативтiк құқықтық акт;
6) ветеринариялық-санитариялық сараптама – жануарлардан алынатын өнiмдерi мен шикiзатының, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы айқындау;
7) дезинфекция, дезинсекция және дератизация - жұқпалы және паразиттiк ауруларды қоздырғыштарды, тұрмыстық жәндiктердi және кемiргiштердi өндiрiстiк, тұрғын үй ғимараттарында, көлiкте, қоғамдық орындардың жайларында және аумақтарда жоюға арналған алдын алу шаралары;
8) жануар иесi - жеке және өзгедей меншiгiнде жануары бар жеке және заңды тұлға;
9) жануарлар – құрғақта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркiндiк жағдайында болатын жабайы жануарлар (сүтқоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекендiлер, балықтар, моллюскалар, жәндiктер және тағы басқалары;
10) жануарларды ұстау - жануар иелерiнiң жануарлардың өмiрiн, оның жеке саулығын сақтау үшiн, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайларды ұстана отырып толыққанды тұқым алу, сондай-ақ адамдардың және жануарлар әлемiнiң қауiпсiздiгiн, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудегi iс әрекеттерi;
11) жануарларға арналған паналау баспанасы - қараусыз жануарларды уақытша ұстау үшiн арналған арнайы жабдықталған нысандар;
12) жыртқыш жануарлар - басқа жануарлармен қоректенетiн жануарлардың жалпы атауы;
13) ит - үй жануары, мөлшерiне, түсiне және өзге ерекшелiктерiне қарамастан, қасқыр тұқымдас сүтқоректi;
14) иттер мен мысықтарды серуендету - иесiнiң меншiгi болып табылатын немесе басқа тұлғадан жалға алған жайлардан жануарлардың тыс болуы, сондай-ақ иттер мен мысықтардың арнайы бөлiнген аумақтарда болуы;
15) қараусыз жануарлар - меншiк иесi бар және оның иелiгiнен (қарауынан) уақытша босап кеткен, иесi болмаған немесе иесi белгiсiз жануарлар, сондай-ақ оның иесi меншiк құқығынан бас тартқан үй жануары;
16) қоғамдық орындар - адамдардың көп жиналатын немесе адамдардың жиналуы мүмкiн орындар, оның iшiнде көшелер, скверлер, саябақтар және азаматтар демалатын өзге орындар, шомылатын жерлер, стадиондар, сауық шаралары жүргiзiлетiн орындар;
17) мысық – үй жануары, мөлшерiне, түсiне және өзге ерекшелiктерiне қарамастан мысық тұқымдас сүтқоректi;
18) үй жануарлары - ауыл шаруашылық мақсаттағы жануарлардан басқа, адамның толық немесе жартылай ұстайтын тамақ өнiмдерi мен өнеркәсiп шикiзатын алу үшiн пайдаланбайтын зоологиялық түрлерi.
3. Адамдардың және жануарлардың денсаулығына аса қауiп туғызатын жануарларды алып қою және жою Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 30 бабының 1 тармағына, 10 бабының 2 тармағының 7) тармақшасына сәйкес жүргiзiледi.
4. Осы Ереженiң талаптары меншiк түрiне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан Қаражал қаласының аумағында орналасқан, жеке және басқадай меншiгiнде жануары бар жеке және заңды тұлғаларға, барлық жануар иелерiне таралады.
2 тарау. Жануарларды тiркеу тәртiбi
5. Жануарларды тiркеу және есепке алу бойынша уәкiлеттi орган, сондай-ақ Қаражал қаласы бойынша жануарларды бiрдейлендiру мәлiметiнiң компьютерлiк базасын жасаушы "Қаражал қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi болып табылады.
6. Жануарларды тiркеу жануарлар ауруының алдын алу және диагностика бойынша ветеринарлық өңдеудi жүзеге асыру үшiн, жануарларды тiркеу және бақылауды өткiзу мақсатында, оларды бiрдейлендiру жолымен жүзеге асырылады.
7. Тұрғындарға, меншiк түрiне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан кәсiпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге тиесiлi барлық жануарлардың түрлерi Қаражал қаласы бойынша жануарларды бiрдейлендiрудiң компьютерлiк мәлiметтер базасына енгiзілу үшiн "Қаражал қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнде есепке алуға және тiркеуге жатады.
8. Тiркелген жануарға оның барлық өмiр сүру уақыты бойында сақталатын ветеринарлық төлқұжат ресiмделедi және бiрдейлендiру нөмiрi берiледi. Жануарларды бiрдейлендiру Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 2331 "Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiн бекiту туралы" Қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесінің 16 тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Жануарларды бiрдейлендiруге байланысты барлық жұмыстар (сырғалау, таңбалау, және басқа жұмыстар) ветеринариялық төлқұжатты ресiмдеудi қоспағанда, аумақтық мемлекеттiк ветеринариялық-санитарлық инспектордың тiкелей бақылауымен лицензия алған ветеринариялық мамандармен өткiзiледi.
10. Жануарларын тiркеу және қайта тiркеу кезiнде иелерi келесi мәлiметтердi тапсырады:
иесінің жеке куәлігі, төлқұжаты;
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
тұрғылықты мекенжайы, телефоны;
жануар туралы мәлiмет (тұқымы, жынысы, аты, жасы, туған жылы, түсi, ерекше белгiлерi немесе жануардың сипаттамасы, бiрдейлендiру әдiсi).
11. Жануарларды сату немесе беру олардың ветеринариялық паспортын жаңа иесiне қоса беру арқылы жүзеге асырылады.
12. Жануар мерт болғанда ветеринарлық төлқұжаты бұрын жануар тiркелген уәкiлеттi мемлекеттiк органға тапсырылады. Ветеринариялық паспорттарды, чиптарды (жапсырмаларды) жануар өлген жағдайда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң комиссиялық ветеринариялық бөлiмшелерi жояды.
13. Жануарларды тiркеу және бiрдейлендiру рәсiмi жануарлар иелерінің есебiнен жүзеге асырылады.
3 тарау. Жануарларды ұстау
14. Жануар иесi жануарларды ұстау, көбейту туралы керектi ақпараттарды ветеринарлық ұйымдардан алады.
15. Жануар иесiне қажет:
1) жануарлардың ауруларын ескертудi қамтамасыз ететiн ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген ветеринариялық (ветеринариялық – санитариялық) ережелерді сақтай отырып ветеринариялық (егу) және әкiмшiлiк шаруашылық iс-шараларды жүргiзудi жүзеге асыру;
2) жануарларды емдеудi және аурулардың алдын алуды уақтылы жүргiзудi жүзеге асыру. Иттер мен мысықтарды терi паразиттерi мен гельминттерден алдын алу үшiн емдеу шараларын жүргiзу. Аурудың барлық жағдайларында немесе жануардың ауруына күмән келтiрген жағдайда тез арада ветеринариялық мекемеге хабарласу, тексеру нәтижесi бойынша мамандардың ұсынымын бұлжытпай орындау;
3) зоопарктердегі, цирктердегі, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда жануарларды ұстауды, көбейтудi және пайдалануды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормативтерге сәйкес жүзеге асыру;
4) жануардың қоршаған ортаға қауiп туғызбайтын және мазаламайтын мiнез-құлығын қамтамасыз ету, жануарлардың адамдардың денсаулығына және мүлкiне, заңды тұлғалардың мүлкiне қауiп туғызуын болдыртпау;
5) адамды қауып алған, оған жарақат келтiрген жағдайда:
зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету үшiн емханаға жеткiзу;
жануардың құтыру ауруын анықтау үшiн ветеринариялық мамандардың бақылауында болуын он күн бойы қамтамасыз ету;
барлық оқиғаларда медициналық және ветеринариялық қызметтерге тез арада хабарлау;
6) жануарлардың кенеттен өлгенi мен бiрнеше жануарлардың бiр уақытта ауырғаны немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткенi туралы ветеринариялық мамандарға хабарлау. Ветеринариялық мамандар келгенше ауруға ұшыраған сезiктi жануарларды оқшаулап ұстауға шара қабылдау және ауырып өлгендiгiне күдiктi жануардың өлiгiн сақтау;
7) ветеринариялық мекемелердiң мамандарына олардың негiзделген талабы бойынша қарау, диагностикалық зерттеу және емдеу алдын-алу шараларын, егу мен вакцинация жүргiзу үшiн жануарларды кедергiсiз көрсету;
8) ауыл шаруашылығы жануарларын сою алдындағы ветеринариялық қараусыз және ұшалар мен органдарға сойылғаннан кейінгі ветерианриялық-санитариялық сараптамасыз өткізбеу (сатпау);
9) кейiннен өткiзуге (сатуға) арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтiн кәсiпорындарда, сою пункттерiнде немесе ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында союды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормаларды сақтай отырып жүзеге асыруға;
10) жануарларды серуендететiн орындарда олардың нәжісін жинап алу, көп қабатты үйлердегi дәлiздердiң аумақтарын, баспалдақтарын, жаяу жүргiншiлер жүретiн орындарды қоса;
11) өлген жануардың өлiгiн тастауға жол бермеу, жануардың өлiгiн малқорымына көму (утилдеу) қажет;
12) жануарды ұстауға мүмкiндiгi болмаған жағдайда оны басқа адамға беру, қараусыз жануарларға арналған паналау баспанасына немесе қаңғыбас жануарларды аулайтын арнаулы мекемеге тапсыру;
13) ветеринарлық мамандарға олардың қызметтiк мiндеттерiн орындауларына көмек көрсету.
16. Жануарларды қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, су қоймаларында және су жинау алаңдарында шомылдыруға және жуындыруға жол берiлмейдi.
4 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау
17. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптар мен осы Ереже талаптарын орындаған жағдайда мыналарға жол берiледi:
1) көп қабатты тұрғын үйлердiң пәтерлерiнде иттер мен мысықтарды ұстауға;
2) жеке тұрғын үй қорында, ғимаратта және оған iргелес аумақта иттер мен мысықтарды ұстауға;
3) күзетшi иттердi қоршалған аумақтарда ұстауға, жануарлардың қашып шығуын, адамдарға және басқа жануарларға шабуылдауын болдырмайтындай жағдайда. Аулаға кiрер кезде иттiң бар екенiн ескертетiн тақтайшаға иттiң суретiн салып "Ит күзетедi!", "Охраняется собакой!" деген ескерту жазуды қамтамасыз ету қажет;
4) балалар мен жасөспiрiмдер мекемелерiнiң "зоологиялық бұрыштарында", "жанды бұрыштарында" санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық қызметкерлердiң рұқсатымен иттер мен мысықтарды ұстауға;
5) қонақ үйде иесiнiң итпен және мысықпен қоныстануы қонақ үй әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен жүргiзiледi.
18. Мыналарға жол берiлмейдi:
1) тұрғын үй қоры пәтерлерiнде иттер мен мысықтар үшiн паналау баспаналарын ұйымдастыруға;
2) көпшiлiк пайдаланатын орындарда (асханаларда, дәлiздерде, баспалдақтарда, жертөлелерде, шатырларда, лоджияларда, балкондарда және басқа да қосымша орынжайларда), үй жанындағы орындарда (жеке тұрғын үй қоры үйлерінiң жанындағы орындардан басқалары) және жатақхананың дәлiздерiнде иттер мен мысықтарды ұстауға;
3) көзi әлсiз көретiн адамдарды алып жүретiн иттерден басқа иттердi қоғамдық тамақтану кәсiпорындарында, азық-түлiк дүкендерiнiң сауда және өндiрiстiк залдарында, қызмет көрсету орындары мен мәдениет мекемелерiнде ұстауға;
4) вакцина егілмеген иттер мен мысықтарды ұстауға;
5) жануарларға қатысты күш қолдануға (ұру, жарақат салу, өлтiру), адамның өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайларда өзiн-өзi қорғау әрекетiнен басқа;
6) иттер мен мысықтардың терiсiн және етiн сақтау, тұтыну, өңдеу мен сату мақсатында оларды аулауға, сатып алуға, ұстауға және өсiруге;
7) Қаражал қаласының аумағында иттердi таластыруға және жануарларға қатысты басқа да қатыгез iс-шаралар ұйымдастыру мен өткiзуге (жануарларға зақым келтiрмейтiн және күзетшi иттердi өсiру үшiн дұрыс тұқымдық сұрыптау жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, арнайы ережелермен иттердiң жұмыс сапаларын тексерудi көздейтiн iс шаралардан басқа).
19. Азаматтарға, кәсiпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға тиесiлi иттер, екi айлық жасынан бастап, тектi тұқымына қарамастан өте қауiптi инфекциялық және инвазиялық ауруларға қарсы мiндеттi түрде ветеринариялық профилактикалық өңдеуге жатады.
20. Мысықтар екi айлығынан бастап жануарлар мен адамдарға ортақ инфекциялық ауруларға, эпизоотиялық көрсеткiштер бойынша микроспорияға қарсы егу мен гельминттерге зерттеуге жатады.
21. Тек қана 16 жасқа толған тұлғалар ғана иттiң иесi бола алады.
22. Егер иттiң иесi заңды тұлға болып табылса, онда ол иттi ұстауға жауапты тұлғаны тағайындауы тиiс.
23. Көшеде және басқа жалпыға ортақ жерлерде адамның қарауынсыз қалдырылған иттер ұстап алып, жоюға жатады, дүкендердің, ауруханалардың және де басқа жалпыға ортақ жерлерде байланып қалдырылған иттерден басқалары. Қараусыз қалған иттер мен мысықтарды аулау және жою Қаражал қаласының бағдарламалар әкiмшiлерiмен ұйымдастырылады.
5 тарау. Ауылшаруашылық, жабайы, жыртқыш, улы және экзотикалық жануарлар мен құстарды ұстау
24. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау, көбейту, жаю, айдау санитарлық аймақтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
25. Ауыл шаруашылық жануарларын, құстарды ұстау қолданыстағы ветеринарлық-санитарлық нормаларға сәйкес арнайы жабдықталған бөлмелерде және қоршаған ортаның экологиялық қауiпсiздiгiн есепке ала ұсталады.
26. Жеке тұрғын үй аумағында бiрнеше жанұялар тұрған жағдайда ауылшаруашылық жануарлары мен құстарды ұстауға сол үйде тұратын барлық көршiлерiнiң жазбаша келiсiмiмен жол берiледi.
27. Қаланың ауа кеңiстiгiнен жабайы құстар ұшып өтетiн мезгiлдерде, жұқпалы ауыруларды таратушы болуы мүмкiн, сондықтан құс иелерi ұшып өтетiн құстармен қатынасты болдырмау мақсатында, құстарды (барлық түрлерiн) жабық орындарда ұстауы қажет.
28. Жануар ұсталатын тұрақ жай, iргелес аумақтарымен қоса, ветеринариялық-санитарлық және зоогигиеналық талаптарға сәйкес ұсталуы қажет.
29. Жәндiктерге, сондай-ақ кемiргiштерге (тышқандар, егеуқұйрықтар) қарсы күрес мақсатында жануарлар тұратын орындарды үнемi инсектицидтер мен дератизаторлық препараттармен өңдеу қажет.
30. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмiнсiз, жануарлардың биологиялық ерекшелiктерiне сәйкес арнайы ұстайтын орыны жоқ жағдайда, осы жануарларды ұстауға машықтанбаған, осы салада арнаулы бiлiмi және тәжiрибесi жоқ болса жабайы, жыртқыш, улы және экзотикалық жануарларды ұстауға жол берiлмейдi.
31. Қаланың тұрғын үй қорының пәтерлерiнде ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарды (iрi қаралар, қойлар, ешкiлер, жылқылар, түйелер, шошқалар, тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар, мамық жүндi аңдар) ұстауға жол берiлмейдi.
6 тарау. Иттердi серуендету тәртiбi
32. Иттердi серуендетуге болады:
1) жануардың нәжiсiн жинап алатын ыдысы болғанда, иттердiң тұмсығына тұмылдырық кигiзiлген (декоративтiк тұқымды иттерден басқалары) және қысқа бауда (1,5 метрге дейiн) осы Ереженiң 33 тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетiлген орындардан басқа жерлерде, айналасындағыларға кедергi келтiрмеген жағдайда;
2) баусыз және тұмылдырықсыз қоршалған аулаларда, арнайы үйрететiн алаңдарда және осы мақсаттарға арналған еркiн серуендету орындарында.
33. Иттердi серуендетуге жол берiлмейдi:
1) iндетке қарсы iс-шаралар жоспарына сәйкес мiндеттi ветеринарлық профилактикалық өңдеу шараларынан өткiзiлмесе;
2) балалардың алаңқайлары және спорт алаңдарында, қалалық шомылу орындарында, мектепке дейiнгi және оқу орындарының, емдеу мекемелерiнiң аумақтарында, саябақтарда және қала тұрғындарының жаппай демалатын басқа орындарында;
3) адамдар жиналатын орындарда және қоғамдық шараларды өткiзетiн орындарда, адамдарды құтқару жөнiндегi жұмысты орындаушы, сондай-ақ қылмыспен күрес және қоғамдық тәртiптi күзетушi қызметтiк иттерден және жанары әлсiз адамдарды ертiп жүретiн иттерден басқаларын;
4) алкогольдiк және (немесе) есiрткiлiк елiту жағдайындағы адамдар мен 14 жасқа толмаған балаларға.
34. Магистральды көшелердiң жанында және көшеден өтер кезде иттiң иесi (иттi серуендетушi адам) оны жол-көлiк оқиғасын және иттiң жол үстiнде мерт болуын болдырмауы үшiн қысқа бауда ұстауы қажет.
35. Тиым салатын жазбалар болмаған жағдайда, итiнiң тұмылдырығы және қысқа бауы бар болғанда иттiң иесiне мекемелерде, азық-түлiк сатылмайтын дүкендерде, поштада және басқа орындарда болуына жол берiледi. Кәсiпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге итпен нысандарға келуге тиым салынғаны жөнiнде белгi орналастыруы және ит байлайтын орындар жабдықтаулары керек.
36. Тұмылдырығымен және қысқа баулы иттi өздігінен шешiлiп кетуiн болдырмайтындай етiп байлап, оның иесi осы ғимараттың жайларында болған уақытына, ғимараттың жанында қалдыруға болады, егер осы ретте басқа адамдарға, қоғамдық тәртiптiң бұзылуы мен қозғалысқа және иттiң өзiне қауiп туындамаған жағдайда. Осы ретте ит адамдардың өтуiне кедергi келтiрмеуi тиiс.
7 тарау. Иттер мен мысықтарды қалалық қоғамдық көлiкте тасымалдау тәртiбi
37. Қалалық қоғамдық көлiкте иттер мен мысықтарды келесi талаптарды орындағанда тасымалдауға жол берiледi:
1) иттер қалалық қоғамдық көлiктердiң артқы алаңдарында, тұмылдырықта және қысқа бауда, нәжiсiн жинап алатын ыдысы болғанда, жолаушылардың мазасын алмайтындай жағдайда тасымалданады;
2) декоративтi тұқымды иттер мен мысықтар арнайы торларда (тасымалдауға арналған контейнерлерде), нәжiстерiн жинап алатын ыдысы болса.
38. Қалалық қоғамдық көлiкте тасымалдауға жол берiлмейдi:
1) ауру иттер мен мысықтарды;
2) осы Ереженің 37 тармағының 1), 2) тармақшалары орындалмаған жағдайларда;
3) алкогольдiк және (немесе) есiрткiлiк елiту жағдайындағы адамдар мен 14 жасқа толмаған балалардың иттерді.
8 тарау. Жануарларды сату, сатып алу және тасымалдау
39. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес жануарларды жануарлар иелерi қоғамы (клубы) және питомниктер арқылы, зоодүкендерде және жануарлар сатылатын мамандандырылған базарларда сатуға, сатып алуға болады.
40. Қаражал қаласының аумағына шет мемлекеттерден жануарларды алып келу, алып кету Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес белгiленген тәртiптi сақтай отырып, уәкiлеттi органының рұқсаты болған жағдайда жүзеге асырылады.
41. Жануарларды тасымалдауға (орын ауыстыруға) денсаулығы, жүргiзiлген профилактикалық өңдеулері туралы белгiлері бар ветеринариялық куәлiгi және уәкiлеттi орган берген арнаулы үлгiдегi ветеринариялық паспорты болған жағдайда жол берiледi.
42. Жануарларды автомобиль, темiржол, әуе көлiктерінде Қаражал қаласынан тысқары жаққа тасымалдау осы көлiктердiң түрлерiнде жануарларды тасымалдау Ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
9 тарау. Қаражал қаласында жануарларды ұстау туралы Ереженiң орындалуын бақылау
43. Осы Ереженiң талаптары бұзылған жағдайда кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 311 бабына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
44. Iшкi iстер органдары белгiленген өкiлеттiгi тәртiбiнiң шеңберiнде:
1) азаматтардың, кәсiпорындардың, ұйымдардың және мекемелердiң осы Ереженi орындауын бақылауды жүзеге асыруға ветеринарлық, санитарлық - эпидемиологиялық мекемелерге қажетті жәрдем көрсетедi;
2) кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң және азаматтардың ерекше жауапкершiлiктi талап ететiн жануарларды әкелу, шығару, ұстау, өсiрудегi құқықтарын келiсу кезiнде қатысады;
3) осы Ереженiң талаптарын бұзған заңды және жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартады.
45. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдары белгiленген өкiлеттiгi тәртiбiнiң шеңберiнде:
1) эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
2) жануарларды қаладан тыс шығарғанда оларға ветеринариялық сертификат бередi;
3) қараусыз жануарларды аулау жөнiндегi қызметтерге олардың жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетедi;
4) жануарлар иелерiнiң ветеринариялық және санитарлық талаптарды орындауларына бақылауды жүзеге асырады;
5) ветеринария туралы заңнаманы бұзғандарды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартады;
6) кинологиялық қызметпен шұғылданатын қоғамдар мен клубтарға, сондай-ақ иттер мен басқа жануарларды ұстайтын кәсiпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге ветеринариялық-санитариялық қорытындыны бередi.
46. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдары белгiленген өкiлеттiгi тәртiбiнiң шеңберiнде эпидемияға қарсы iс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды.
47. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдары жергiлiктi атқару органдарымен бiрлесiп адамдар мен жануарларға ортақ ауруларды ескерту мақсатында тұрғындар арасында түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi, сондай-ақ буклеттер, плакаттар және тақталар түрiнде көрнекi жәрдемдер шығарады.