Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі N 21/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 5 қазанда N 1949 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 18 ақпандағы N 04/46 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 18.02.2014 N 04/46 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылғы 1 наурыздан бастап үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі – әлеуметтік көмек).
      2. Әлеуметтік көмек әр мүгедек балаға тоқсан сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.
      3. Келесі жағдайлар белгіленсін:
      1) мүгедек балаларға әлеуметтік көмек (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған мүгедек балалардан басқа) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
      2) әлеуметтік көмек өтініш білдірген мерзімінен бастап "Қарағанды облысы білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгілеген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;
      3) әлеуметтік көмекті төлеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      4. "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Капарова Т.Ғ.) әлеуметтік көмекті тағайындауды және төленуді қамтамасыз етсін.
      5. "Сәтбаев қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Сакеев Е.Х.) жергілікті бюджетте қарастырылған қаражаты шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру бойынша мәселені шешсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 наурыздан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.

Сәтбаев қаласының әкімі
Б.Д. Ахметов

      

Об оказании дополнительной социальной помощи

Постановление акимата города Сатпаев Карагандинской области от 21 сентября 2012 года N 21/04. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 5 октября 2012 года N 1949. Утратило силу постановлением акимата города Сатпаев Карагандинской области от 18 февраля 2014 года N 04/46

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Сатпаев Карагандинской области от 18.02.2014 N 04/46.
      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан" акимат города Сатпаев ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Оказывать с 1 марта 2012 года дополнительную социальную помощь лицам, имеющим право на материальное обеспечение детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому (далее - социальная помощь).
      2. Предоставлять социальную помощь в размере четырех месячных расчетных показателей в квартал на каждого ребенка-инвалида.
      3. Установить следующие условия:
      1) социальная помощь на детей-инвалидов (кроме детей-инвалидов, находящихся на полном государственном обеспечении и детей-инвалидов, родители которых лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому, независимо от дохода семьи;
      2) социальная помощь предоставляется с месяца обращения до окончания срока, установленного в заключении межведомственной психолого-медико-педагогической консультации при государственном учреждении "Управление образования Карагандинской области";
      3) выплата социальной помощи производится за истекший месяц по мере поступления финансирования. При наличии обстоятельств, повлекших прекращение выплаты социальной помощи (достижение ребенком-инвалидом возраста 18 лет, смерть ребенка-инвалида, снятие инвалидности), выплата прекращается с месяца следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.
      4. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Сатпаев" (Капарова Т.Г.) обеспечить назначение и выплату социальной помощи.
      5. Государственному учреждению "Отдел финансов города Сатпаев" (Сакеев Е.Х.) разрешить вопрос по финансированию социальной помощи в соответствии с планом финансирования по обязательствам и платежам в пределах средств предусмотренных в местном бюджете.
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Сатпаев Мадиеву М.С.
      7. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения возникшие с 1 марта 2012 года.

Аким города Сатпаев
Б.Д. Ахметов