Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 27.05.2013 N 12/30 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңдарына және "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулысына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
Сәтбаев қаласының әкімі Б. Ахметов
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 12 желтоқсандағы
N 26/22 қаулысымен
бекітілген
"Мүгедектерге протездік-ортопедиялық
көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі түсініктер
1. Қолданылатын терминдермен аббревиатуралардың анықтамалары:
1) ҚФБ - мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мүдделі органдардың жауапты тұлғалары - құрылымдық-функцияналдық бірліктері, ақпараттық жүйелері немесе олардың қосалқы жүйелері;
2) уәкілетті орган - "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
3) халыққа қызмет көрсету орталығы - "жалғыз терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру жөнінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетілуін ұйымдастыруды жүзеге асыратын, республикалық мемлекеттік кәсіпорын.
2. Жалпы ережелер
2. Осы "Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) мүгедектерді протездік–ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу рәсімін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
3. Мемлекеттік қызмет "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі (бұдан әрі – уәкілетті орган), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы: Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлiгiнің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру жөніндегі комитетінің "Қарағанды облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы филиалының Сәтбаев қаласындағы бөлімі (бұдан әрі - орталық), (байланыс мәліметтері осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген).
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 22-бабы 1-тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 754 қаулысымен бекітілген Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережесі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысы негізінде ұсынылады.
6. Тұтынушы алатын көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу туралы қағаз жеткiзгiштегi хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттiк қызмет жеке адамдарға: Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрi – тұтынушылар):
1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы отан соғысы мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнде қызметтiк мiндеттерiн атқаруымен байланысты мүгедек болған әскери қызметшiлерге;
3) iшкi iстер органдарының, ұлттық қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының қызметтiк мiндеттерiн атқаруымен байланысты мүгедек болған адамдарына;
4) жалпы аурудан мүгедек болғандарға;
5) бала жасынан мүгедектерге;
6) мүгедек балаларға;
7) жұмыс берушi - жеке кәсiпкер қызметiн тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектерге көрсетiледi.
8. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi тұтынушының осы регламенттің 13-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәтiнен бастап:
уәкiлеттi органда – он жұмыс күнi iшiнде;
орталықта – он жұмыс күнi iшiнде (құжатты қабылдаған күн мен (нәтижесiн) берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
2) тұтынушы өтiнiш жасаған күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет алғанға дейiн (талон алғанға дейiн) күтудiң ең көп шектi уақыты 30 минуттан аспайды;
3) тұтынушы өтiнiш жасаған күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алғанға дейiн күтудiң ең көп шектi уақыты уәкiлеттi органда 15 минуттан, орталықта 30 минуттан аспайды.
9. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
10. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, 13.00-ден 14.00-ге дейiнгі түскi үзiлiспен 9.00-ден бастап 18.00-ге дейiн күн сайын.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады.
Орталықтың жұмыс кестесі: үзіліссіз 9.00-ден бастап 20.00-ге дейін күн сайын, орталық филиалдары мен өкілдіктері үшін демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 14.00-ге дейiнгі түскi үзiлiспен 9.00-ден бастап 19.00-ге дейін жұмыс кестесi бекітілген.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз "электронды" кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
11. Тұтынушыдан өтініш алған сәттен бастап және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) тұтынушы осы регламенттің 13 тармағында айқындалған қажетті құжаттармен уәкілетті органға немесе орталыққа өтініш береді;
2) орталық құжаттарды қабылдау, тіркеу, тізілім құрастырады және құжаттарды уәкілетті органға тапсырады;
3) уәкілетті орган орталықтан немесе уәкілетті органға өтініш бергенде тұтынушы ұсынған құжаттарды тіркеуді, қарауды жүзеге асырады, хабарлама немесе мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін орталыққа немесе уәкілетті органға өтініш берген жағдайда тұтынушыға жолдайды;
4) орталық хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты тұтынушыға береді.
Қоса берілген құжаттармен бірге өтініштерді уәкілетті органға жеткізуді және кері қайтаруды орталық өтініштерді қабылдаған күні екі реттен кем емес курьерлік байланыс арқылы жүзеге асырады.
12. Уәкілетті органда және орталықта мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкерді құрайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер
(өзара әрекет) тәртібінің сипаттамасы
13. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет алу үшiн:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерiн көрсете отырып, белгiленген үлгiдегi өтiнiш, әлеуметтiк жеке кодының нөмiрi (жеке сәйкестендiру нөмiрi болғанда);
2) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, ал кәмелетке толмаған мүгедек балалар үшiн – баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн, ата-анасының бiреуiнiң (қамқоршысының, қорғаншысының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
3) мүгедектер, оның iшiнде мүгедек балалар үшiн – мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрменi;
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектерi және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы отан соғысы мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар үшiн – белгiленген үлгiдегi куәлiктiң көшiрмесiн;
5) Ұлы Отан соғысы қатысушылары үшiн – протездiк-ортопедиялық көмек көрсету қажеттiлiгi туралы тұрғылықты жерi бойынша медициналық ұйым қорытындысының көшiрмесiн;
6) жұмыс берушi – жеке кәсiпкер қызметiн тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер – жазатайым оқиға туралы актiнiң көшiрмесiн және жеке кәсiпкер – жұмыс берушi қызметiн тоқтатқаны немесе заңды тұлға таратылғаны туралы құжат ұсынады.
Құжаттардың көшiрмелерi мен салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары берiледi, кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
14. Тұтынушыға барлық қажетті құжаттар тапсырылғаннан кейін беріледі:
1) уәкiлеттi органда - мемлекеттiк қызмет алуға тұтынушы тiркелген және алатын күнi, қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi;
2) орталықта:
сұраудың нөмiрi және қабылдаған күнi;
сұралатын мемлекеттiк қызметтiң түрi;
қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттарды беру күнi, уақыты және орны;
құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.
15. Протездiк-ортопедиялық көмек көрсету үшiн мүгедектерге құжаттарды ресiмдеу (ресiмдеуден бас тарту) туралы хабарламаны не бас тарту туралы дәлелдi жауапты жеткiзу:
1) уәкiлеттi органға өтiнiш берген кезде тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органға тұтынушының өзiнiң келуi арқылы, не пошталық хабарлама арқылы;
2) орталыққа өзi келiп өтiнiш берген кезде "терезе" арқылы күн сайын, қолхаттың негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырылады.
16. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден мынадай негiздемелер бойынша бас тартылады:
1) тұтынушының протездiк-ортопедиялық көмек көрсетудi қабылдауға медициналық қарсы көрсетiлiмдерi болғанда;
2) аталған мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн талап етiлетiн құжаттардың бiреуi болмағанда, орталықтан түсетiн құжаттарды ресiмдеуде қателiктер табылған кезде;
3) жалған мәлiметтер мен құжаттар ұсынылғанда;
4) жұмыс берушi – жеке кәсiпкер қызметiн тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектерге, егер олардың қызметi заңнамада белгiленген тәртiппен тоқтатылмаған жағдайда бас тартылуы мүмкiн.
Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұру үшiн негiздемелер жоқ.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
1) уәкілетті органның басшысы;
2) уәкілетті органның жауапты тұлғасы;
3) орталық инспекторы.
18. Әр әкімшілік әрекеттерінің орындалу мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдердің) реттілігі мен өзара әрекеттесуінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 2 қосымшада келтірілген.
19. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде ҚФБ және әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламентке 3-қосымшада келтірілген.
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды
тұлғалардың жауапкершілігі
20. Мемлекеттік қызмет көрсетуге уәкілетті орган басшысы және орталық басшысы жауапты тұлға болып табылады (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар).
Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметтің сапасына және мерзімінде жүзеге асырылуына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
"Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек
ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік қызмет регламентіне
1 қосымша
"Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша уәкілетті орган мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының байланыс деректері
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша функцияларды жүзеге асыратын, уәкілетті органның және халыққа қызмет көрсету орталық атауы |
Орналасқан жері, мекен жайы электронды мекенжайы |
Байланыс телефоны |
"Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
101301, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы,111, N 212 кабинет |
(871063) 33309 |
Халыққа қызмет көрсету Орталығы: Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бақылау және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқындағы Қарағанды облысы бойынша Сәтбаев қаласының бөлімі |
101301, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы, 111 |
(871063) 40347 |
"Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек
ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік қызмет регламентіне
2 қосымша
Әр әкімшілік әрекеттерінің орындалу мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдердің) реттілігі мен өзара әрекеттесуінің мәтіндік кестелік сипаттамасы
1 Кесте. ҚФБ әрекетін сипаттау
Негізгі үдерістің әрекеттері (барысы, жұмыс ағымы) |
|||
әрекет N (барысы, жұмыс ағымы) |
1 |
3 |
4 |
ҚФБ атауы |
Уәкілетті органның жауапты тұлғасы |
Уәкілетті органның басшысы |
Уәкілетті органның жауапты тұлғасы |
Әрекет (үдерістің, операцияның рәсімнің) атауы және олардың сипатталуы |
Өтініш қабылдау, құжаттарды тексеру |
Ұсынылған құжаттар топтамасын қарастыру, бұрыштама қою |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты немесе хабарламаны дайындау |
Аяқталу нысаны (ұйымдастырушы-өкімдік шешім, мәлімет, құжат) |
Тұтынушыға талон беру |
Уәкілетті органның жауапты тұлғасына жолдау |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты немесе хабарламаны басшыға қол қоюға жолдау |
Орындалу мерзімдері |
15 минуттан аспайды |
1 жұмыс күні |
6 жұмыс күні |
Әрекет N (барысы, жұмыс ағымы) |
2 |
||
Әрекет (үдерістің, операцияның рәсімнің) атауы және олардың сипатталуы |
Өтінішті тіркеу |
||
Аяқталу нысаны (ұйымдастырушы-өкімдік шешім, мәлімет, құжат) |
Құжаттарды уәкілетті органның басшысына бұрыштама қою үшін жолдау |
||
Орындалу мерзімдері |
1 жұмыс күні ішінде |
Негізгі үдерістің әрекеттері (барысы, жұмыс ағымы) |
||
Әрекет N (барысы, жұмыс ағымы) |
5 |
6 |
ҚФБ атауы |
Уәкілетті орган басшысы |
Уәкілетті органның жауапты тұлғасы |
Әрекет (үдерістің, операцияның рәсімнің) атауы және олардың сипатталуы |
Хабарламаға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою |
Хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу |
Аяқталу нысаны (ұйымдастырушы-өкімдік шешім, мәлімет, құжат) |
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы нәтижесін уәкілетті органның жауапты тұлғасына тапсыру |
Хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұтынушыға беру |
Орындалу мерзімдері |
1 жұмыс күні |
1 жұмыс күні |
Баламалы үдерістің әрекеттері (барысы, жұмыс ағымы) |
|||
Әрекет N (барысы, жұмыс ағымы) |
1 |
3 |
4 |
ҚФБ атауы |
Орталық инспекторы |
Уәкілетті органның жауапты тұлғасы |
Уәкілетті органның басшысы |
Әрекет (үдерістің, операцияның рәсімнің) атауы және олардың сипатталуы |
Өтінішті қабылдау, құжаттарды тексеру |
Өтінішті тіркеу |
Ұсынылған құжаттар топтамасын қарастыру, бұрыштама қою |
Аяқталу нысаны (ұйымдастырушы-өкімдік шешім, мәлімет, құжат) |
Тұтынушыға қол хат беру |
Құжаттарды бұрыштама қою үшін уәкілетті органның басшысына жолдау |
Уәкілетті органның жауапты тұлғасына жолдау |
Орындалу мерзімдері |
30 минуттан аспайды |
1 жұмыс күні |
1 жұмыс күні |
Әрекет N (барысы, жұмыс ағымы) |
2 |
||
Әрекет (үдерістің, операцияның рәсімнің) атауы және олардың сипатталуы |
Тізілім құрастыру |
||
Аяқталу нысаны (ұйымдастырушы-өкімдік шешім, мәлімет, құжат) |
Құжаттарды уәкілетті органға тапсыру |
||
Орындалу мерзімдері |
Өтініш қабылдаған күні екі реттен кем емес |
Баламалы үдерістің әрекеттері (барысы, жұмыс ағымы) |
||||
Әрекет N (барысы, жұмыс ағымы) |
4 |
5 |
6 |
7 |
ҚФБ атауы |
Уәкілетті органның жауапты тұлғасы |
Уәкілетті органның басшысы |
Уәкілетті органның жауапты тұлғасы |
Орталық инспекторы |
Әрекет (үдерістің, операцияның рәсімнің) атауы және олардың сипатталуы |
Хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа немесе хабарламаға қол қою |
Хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу |
Хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу |
Аяқталу нысаны (ұйымдастырушы-өкілдік шешім, мәлімет, құжат) |
Хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты басшыға қол қоюға жолдау |
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы нәтижені уәкілетті органның жауапты тұлғасына тапсыру |
Хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты орталыққа тапсыру |
Хабарламаны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұтынушыға тапсыру |
Орындалу мерзімдері |
6 жұмыс күні |
1 жұмыс күні |
1 жұмыс күні |
1 жұмыс күні |
"Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек
ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік қызмет регламентіне
3 қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде ҚФБ және әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба
1) уәкілетті органға жүгінген кезде:
2) орталыққа жүгінген кезде: