Ескерту. Шешім қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады - (Абай аудандық мәслихатының хатшысының 18.12.2015 № 3-19-240 хаты).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Абай ауданында 2013 жылға арналған салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшерлері, осы шешімге қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Лозинский
Абай аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Цай
КЕЛІСІЛДІ
Абай ауданы бойынша
салық басқармасының
бастығы А. Ефанов
12.12.2012 ж.
Абай аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 12 желтоқсандағы
13 кезекті сессиясының
N 13/118 шешіміне
қосымша
Абай ауданында 2013 жылға арналған салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшерлері
р/с |
Салық салу объектісінің атауы |
Айына тіркелген салық ставкаларының (айлық есептік көрсеткіштер) мөлшерлері |
1. |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
6 |
2. |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
9 |
3. |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
2 |
4. |
Ойын жолы |
10 |
5. |
Карт |
5 |
6. |
Бильярд үстелі |
7 |