Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес және жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі айқындалсын (1 қосымша).
2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері айқындалсын (2 қосымша).
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздардың еңбек төлемі Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы "2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген жалақының ең төменгі мөлшерінде жүргізілсін.
4. "Бұқар жырау ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.К. Аймағамбетова) аудан бюджетінде қарастырылған қаржы шегінде қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. "Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н.Г. Алексеева):
1) ұйымдардың басшыларымен дер уақытында шарттар жасауды және ұйымдардың берілген өтінімдеріне сәйкес жұмыссыздардың келісімімен бағыттауды қамтамасыз етсін;
2) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға жалақы есептеу мен төлеуді жұмыс беруші ұсынған атқарылған жұмыстар актісі мен жұмыс уақыты есебінің табелі бойынша жүргізсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
7. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ш. Мамалинов
Аудан әкімдігінің
2012 жылғы 12 желтоқсандағы
N 39/01 қаулысына
1 қосымша
Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі
1. "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Бұқар жырау бөлімшесі" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. "Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
3. "Бұқар жырау аудандық жастармен жұмыс Орталығы" мемлекеттік мекемесі.
4. "Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
5. "Бұқар жырау ауданы бойынша салық Басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
6. "Бұқар жырау ауданының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
7. "Бұқар жырау ауданының Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
8. "Бұқар жырау ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
9. "Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
10. "Бұқар жырау ауданының прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Бұқар жырау ауданының селолар, селолық, ауылдық округтер және кенттер әкімдері аппараттары мемлекеттік мекемелері.
12. "Бұқар жырау ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі " мемлекеттік мекемесі.
13. "Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
14. "Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
15. "Бұқар жырау ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
16. "Бұқар жырау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
17. "Бұқар жырау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
18. "Бұқар жырау аудандық соты" мемлекеттік мекемесі.
19. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды филиалының Бұқар жырау аудандық бөлімшесі.
20. "Бұқар жырау ауданының Статистика басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
21. "Бұқар жырау аудандық Қазынашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
22. "Бұқар жырау ауданы мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі.
23. "Жылжымайтын мүлік орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Бұқар жырау филиалы.
24. "Бұқар жырау ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Аудан әкімдігінің
2012 жылғы 12 желтоқсандағы
N 39/01 қаулысына
2 қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері
1. Жалғыз басты мүгедектерге, егде азаматтарға үйінде әлеуметтік қызмет көрсету - сомасы 1790,0 мың теңге.
2. Мемлекеттік балалар жәрдемақысын, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және басқа да әлеуметтік көмек түрлеріне қажетті құжаттар пакетін қалыптастыру - сомасы 2239,0 мың теңге.
3. Зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны қайта есептеуді жүргізуге құжаттар қалыптастыру - сомасы 150,0 мың теңге.
4. Жастар және жасөспірімдер арасында жұмыс ұйымдастыру – сомасы 4478,0 мың теңге.
5. Халықпен жұмыс, мүлікке, транспорт құралдарына салық төлеу жөніндегі хабарламалар мен квитанцияларды жеткізу – сомасы 1493,0 мың теңге.
6. Оралмандарды тіркеуге және құжаттандыруға қажетті құжаттарды жинау және рәсімдеу - сомасы 150,0 мың теңге.
7. Құжаттарды көбейту және тарату, хаттар мен шақыру қағаздарды жеткізу, құжаттарды жөндеуді жүзеге асыру – сомасы 450,0 мың теңге.
8. Көлік жабдықтарын тіркеу картотекасын енгізу, құжаттандыру номенклатурасын жинау – сомасы 150,0 мың теңге.
9. Құжаттарды жөндеу, электрондық базаны енгізу – сомасы 600,0 мың теңге.
10. Кадастрлық материалдарды қалыптастыру – сомасы 150,0 мың теңге.
11. Мұрағаттық құжаттарды жөндеу – сомасы 300,0 мың теңге.
12. Құжаттармен жұмысқа көмектесу – сомасы 450,0 мың теңге.
13. Кент және селоларды көгалдандыру және абаттандыру – сомасы 6126,0 мың теңге
14. Шақыру қағаздарын жеткізу, Қарулы Күштер қатарына шақыру бойынша халықпен жұмыс жүргізу – сомасы 300,0 мың теңге.
15. Әділет органдарында құжаттарды жөндеу бойынша жұмыс жүргізу – сомасы 450,0 мың теңге.
16. Электрондық деректер базасын техникалық өңдеу – сомасы 150,0 мың теңге.
17. Мұрағат құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеу – сомасы 150,0 мың теңге.
18. Құжат айналымын және автоматтандырылған ақпараттық жүйе электрондық базасын жүргізу – сомасы 150,0 мың тенге.
19. Тұрғын үй инспекциясының жұмысына көмек - сомасы 150,0 мың тенге.
20. "Адресный регистр" электрондық базасын енгізу - сомасы 150,0 мың тенге.
21. Құжат айналымын, кіріс және шығыс корреспонденцияларын жүргізу - сомасы 150,0 мың тенге.
22. Өсімдік және мал шаруашылығының деректерін шаруашылық кітабі бойынша салыстыру - сомасы 300,0 мың тенге.
23. Коммуналдық есеп жекеменшігі бойынша электрондық базаны жүргізу – сомасы 150,0 мың тенге.
Қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары:
Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды, екі демалыс күн беріледі, алты сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат. Еңбек ақысы жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы,орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделігіне байланысты жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, денсаулыққа мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орнын толтыру, зейнетақы және әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі, жұмыс шарттарына байланысты жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді нысаны қолданылады.
Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (әйелдер және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады.