Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 20.02.2013 N 06/01 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нұра ауданы бойынша барлық нысан меншігіндегі мекемелерде және ұйымдарда, кәсіпорындарда жұмыс орындарының жалпы санынан 0,5 пайыз көлемінде интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған бітірушілері үшін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Жүпенова Гүлнәр Такуқызы) квотаға сәйкес, бар бос жұмыс орындарына интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған бітірушілерін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың жолдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Қанатұлы Аймағамбетовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Бексұлтанов