Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының хатшысының 23.04.2013 № 2-43/68 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2012 жылға жер салығының ставкалары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін, сондай – ақ автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда), елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне жер салығының базалық ставкаларының 50 проценті мөлшерінде көтерілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бюджет және ауданның әлеуметтік - экономикалық даму бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына (В.К. Эммерих) жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н. Ревякина
Аудандық мәслихат хатшысы К. Саккулаков