Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының хатшысының 23.04.2013 № 2-43/68 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" N 183 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2012 жылы Осакаров ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт мамандарына және ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу және салу үшін әлеуметтік қолдау келесі көлемде ұсынылсын:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу және салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2. Мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі; кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасынан жылдық 0,01 процент мөлшерінде белгіленеді.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау бюджет және ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша тұрақты комиссиясына (Эммерих В.К.) жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В. Шамордин
Аудан мәслихатының хатшысы К. Саккулаков