Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі N 56 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 25 қазанда N 4329 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 02 мамырдағы N 97 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 02.05.2013 N 97 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысына сәйкес, Арал аудандық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
      1. Қоса берiлiп отырған Тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Арал аудандық мәслихатының
      кезекті сегізінші сессиясының
      төрағасы                                     А. Асанбаев

      Арал аудандық
      мәслихатының хатшысы                         К. Данабай

       2012 жылғы 26 қыркүйектегі N 56
      Арал аудандық мәслихатының
      шешімімен бекітілген

Тұрғын үй көмегін көрсету
      Қағидасы

      Осы қағида "Тұрғын үй қатынастары туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленді.

       1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Арал ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
      2) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      3) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      4) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      5) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлем ақысына төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      2. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табыстың 15 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.
      4. Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің" 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      6. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
      7. Уәкiлеттi орган өтініш берушіге тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажет құжаттарды берген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде тұрғын үй көмегiн тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдап, өтініш берушіні хабардар етеді.
      8. Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растау қажеттiлiгi туындаған жағдайда уәкілетті орган өтiнiш иесiнiң материалдық - тұрмыстық жағдайына тексеру жүргiзуге құқығы бар.
      9. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға толық әрі дұрыс мәліметтер беруі тиіс.
      10. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi Агенттiгi төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы N 471 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес есептеледі.

       2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      11. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:
      1) электр жарығын пайдалану – 1 айға 1 адамға 70 киловатт-сағат, 2 адамға 140 киловатт-сағат, 3 және одан да көп адамы бар отбасыларына 1 айға 150 киловатт-сағат;
      2) газбен жабдықтау – 1 айға 4 адамға дейінгі отбасыларына 10 килограмм, 4 және одан да көп адамдары бар отбасыларына 20 килограмм;
      3) сумен жабдықтау - 1 айға 1 адамға тиісті уәкілетті органдардың берген тарифі бойынша;
      4) отын пайдалану әр отбасыларға (азаматтарға) от жағу маусымына: 4 адамға дейін мүшесі бар отбасыларына - 1 айға 0,5 тонна, 4 және одан да көп мүшелері бар отбасыларына 1 тонна;
      5) телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі;

       3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      12. Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил оказания жилищной помощи

Решение Аральского районного маслихата Кызылординской области от 26 сентября 2012 года N 56. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 25 октября 2012 года за N 4329. Утратило силу решением Аральского районного маслихата Кызылординской области от 02 мая 2013 года N 97

      Сноска. Утратило силу решением Аральского районного маслихата Кызылординской области от 02.05.2013 N 97.

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      Согласно подпункту 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пункту 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Постановлению Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" Аральский районный маслихат РЕШИЛИ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания жилищной помощи.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель очередной восьмой
      сессии Аральского районного
      маслихата                                  А. Асанбаев

      Секретарь Аральского
      районного маслихата                        К. Данабай

      Утверждены решением
      Аральского районного
      маслихата от 26 сентября
       2012 года N 56

Правила
      оказания жилищной помощи

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях".

       1. Порядок оказания жилищной помощи

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Аральском районе на оплату:
      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимися нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) расходы на содержание жилого дома (жилого здания) – обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, расходы на приобретение, установку, эксплуатацию и поверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, расходы на оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также взносы на накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов;
      3) потребления коммунальных услуг семьями (гражданами), являющимися собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      4) услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища в порядке установленном законодательством в области связи;
      5) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      2. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.
      Доля предельно допустимых расходов в пределах установленных норм устанавливается в размере 15 процентов от совокупного дохода семьи (гражданина).
      3. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Аральский районный отдел занятости и социальных программ" ( далее-уполномоченный орган).
      4. Жилищная помощь оказывается по предъявленным счетам поставщиков услуг.
      5. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) обращается в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи с заявлением и представляет документы, указанные в пункте 4 "Правил предоставления жилищной помощи", утвержденным Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314.
      6. Жилищная помощь назначается с начала месяца подачи заявления на текущий квартал.
      7. Уполномоченный орган в течение десяти календарных дней со дня предоставления заявителем необходимых для назначения жилищной помощи документов принимает решение о назначении или отказе в назначении жилищной помощи, о чем уведомляет заявителя.
      8. В случае необходимости подтверждения достоверности представленных документов уполномоченный орган вправе производить обследование материально-бытовых условий проживания заявителей.
      9. Заявитель должен представить в уполномоченный орган полные и достоверные сведения в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      10. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующий на получение жилищной помощи рассчитывается на основании Приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно–коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года N 471 "Об утверждении правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующий на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде".

       2. Размер оказания жилищной помощи

      11. Назначение жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) производится в соответствии нижеследующим нормам:
      1) потребление электроэнергии – на 1 человека в месяц 70 киловатт-час, на 2 человека 140 киловатт-час, семьям, состоящим из 3 и более человек, до 150 киловатт-час в месяц;
      2) газоснабжение – 10 килограмм в месяц на семью с составом до 4 человек, 20 килограмм в месяц на семью с составом 4 и более человек;
      3) водоснабжение - в месяц на каждого человека согласно тарифу предоставленных уполномоченным органом;
      4) нормы потребления топлива каждым семьям (гражданам) на отопительный сезон: 0,5 тонны в месяц на семью с составом до 4 человек, 1 тонна в месяц на семью с составом 4 и более человек;
      5) компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, производится в соответствии с правилами компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года N 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам";

       3. Финансирование и порядок выплаты жилищной помощи

      12. Выплата жилищной помощи осуществляется через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.