Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2013.01.03 N 333 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы" және
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қармақшы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қармақшы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 наурыздағы
N 79 "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 10-5-178 санымен тіркелген, 2012 жылғы 12 сәуірде "Қармақшы таңы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы осы қаулының
1-қосымшасына сәйкес құрылсын.";
Қаулының 1-қосымшасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы".
2. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Ерсұлтановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданы әкімінің
уақытша міндетін атқарушы Б. Сәрменбаев
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының денсаулық
сақтау басқармасының Қармақшы
аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорны бас дәрігері
Нысанбаев Бақытжан Сағилатұлы
____________ "30" қазан 2012 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысы Қармақшы
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесі бастығы
Бердібеков Нұрдаулет Кежебаевич
_______________ "30" қазан 2012 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі
Қызылорда Облыстық Ішкі Істер Департаментінің
Қармақшы аудандық Ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесі бастығы
Утенов Берік Салайдинұлы
_______________ "30" қазан 2012 жыл