Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012.06.26 N 94 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 Заңына және "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 365 Заңына сәйкес біржолғы материалдық көмек көрсету мақсатында Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де
міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы,
зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ
Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы материалдық көмек 2012 жылдың 25 маусымына дейін берілсін.
2. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 23 061 (жиырма үш мың алпыс бір) теңгеден бір жолғы материалдық көмек 2012 жылғы 25 маусымына дейін берілсін.
3. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Ауанов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары Б. Ибрагимовке жүктелсін.
5. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі С. Тауипбаев