"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес Лисаков қаулысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің "2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 778 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-197 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 қаңтарда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 13) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"13) "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде лайықты жұмысы жоқ жұмыссыздар ретінде тіркелген тұлғалар;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Ә.С. Сапароваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі В. Радченко