Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2012.06.28 № 175 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес және 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 1-129 Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұсыныстары негізінде Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім ұсыну мерзімі осы қаулы қолданысқа енгізілген сәтінен бастап және 2012 жылғы 1 маусымға дейін белгіленсін.
2. 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж. Нұрғалиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл
шаруашылық бөлімі" ММ бастығы
_______________ А.С. Нұғыманов
Әкімдіктің
2012 жылғы 21 мамырдағы
№ 149 қаулысына қосымша
2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл
шаруашылығы дақылдар түрлері бойынша
оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Ауыл шаруашылығы дақылдарының |
Себу мерзімдері |
1 |
Дәнді (күздік дақылдардан |
15 мамырдан 5 маусымға |
2 |
Бұршақтұқымдас |
15 мамырдан 5 маусымға |
3 |
Майлы дақылдар |
18 мамырдан 30 мамырға |
4 |
Жемшөптік (өткен жылдарындағы |
30 сәуірден 15 шілдеге |
5 |
Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс |
15 мамырдан 31 мамырға |
6 |
Бірінші, екінші және үшінші |
20 сәуірден 1 тамызға |
7 |
Күздік дәнді дақылдар |
15 тамыздан 1 қыркүйекке |
8 |
Көкөніс және бақша дақылдары |
25 сәуірден 10 маусымға |
9 |
Картоп |
10 мамырдан 31 мамырға |