"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің "Әулиекөл ауданында бостандықтан айыру орнынан шыққан тұлғаларға және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 41 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-7-153 нөмірімен тіркелген, 2012 жылдың 23 ақпанда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Әулиекөл ауданында қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға, сондай-ақ бостандықтан айыру орнынан шыққан тұлғаларға және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы";
1–тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі проценті мөлшерінде;
2) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі проценті мөлшерінде.";
2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш жасаған қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ж. Қалиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауданың әкімі | Ж. Нургалиев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Әулиекөл ауданының жұмыспен | |
қамту және әлеуметтік бағдарламалар | |
бөлімі" ММ бастығы | |
_________________ Р. Нұғманова | |