Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 07.03.2013 № 38 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 2 тармағының 7) тармақшасына және 8 тармағына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау 2012 жылға ұсынылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс сессиясының төрайымы Л. Войлошникова
Аудандық
мәслихаттың хатшысы А. Бондаренко
КЕЛІСІЛДІ:
"Әулиекөл ауданының әкімдігінің
ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________________ А.С. Нұғыманов
"Әулиекөл ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________________ Т.И. Печникова