Мәслихаттың 2012 жылғы 15 қыркүйектегі № 195 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 26 шілдедегі № 35 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 8 тамызда № 9-7-165 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 193 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 14.11.2014 № 193 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" мәслихаттың 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 195 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-123 тіркелген, 2010 жылғы 18 қазанда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімімен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Әулиекөл ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
      тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге;
      жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі;
      Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендірілген үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2, 5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі көрсетіледі;
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қолданылған шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттарының әрқайсысы бойынша шығыстарының сомасы ретінде айқындалады.";
      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі-өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган), немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі – орталық) балама негізде өтінішпен өтініш береді және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету  ережесінің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
      3-тармақ алынып тасталсын;
      12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "12. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.";
      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "13. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7412 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері, тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын негізге алғанда уәкілетті органмен анықталады.";
      15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "15. Белгіленген нормалар шегінде отбасының (азаматтың) шекті жол берілетін шығыстар үлесі жиынтық табыстан он пайыз мөлшерінде белгіленеді.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрағасы                         Ю. Волков

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    А. Бондаренко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Әулиекөл ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығының
      міндетін атқарушы
      ________ Тетерюк Л.Е.

      "Әулиекөл ауданының
      қаржы бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ______ Төребаева З.Ш.

      "Әулиекөл ауданының
      экономика және
      бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ______ Печникова Т.И.

О внесении изменений в решение маслихата от 15 сентября 2010 года № 195 "О правилах оказания жилищной помощи"

Решение маслихата Аулиекольского района Костанайской области от 26 июля 2012 года № 35. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 8 августа 2012 года № 9-7-165. Утратило силу решением маслихата Аулиекольского района Костанайской области от 14 ноября 2014 года № 193

      Сноска.  Утратило силу решением маслихата Аулиекольского района Костанайской области от 14.11.2014 № 193 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" Аулиекольский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение маслихата "О правилах оказания жилищной помощи" от 15 сентября 2010 года № 195 (зарегистрировано в Реестре государствен-ной регистрации нормативных правовых актов за № 9-7-123, опубликовано 18 октября 2010 года в газете "Әулиекөл") следующие изменения:
      в Правилах оказания жилищной помощи, утвержденных указанным решением:
      пункт 1 изложить в новой редакции:
      "1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Аулиекольском районе на оплату:
      расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      потребления коммунальных услуг семьям и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;
      стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.
      Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания), согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), а также по предъявленному поставщиком счету на оплату стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, устанавливаемого взамен однофазного счетчика электрической энергии с классом точности 2, 5, находящегося в использовании в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме;
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.";
      пункт 2 изложить в новой редакции:
      "2. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) (далее – заявитель) обращается в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи (далее - уполномоченный орган), либо центр обслуживания населения на альтернативной основе (далее – центр) с заявлением и представляет документы, указанные в пункте 4 Правил предоставления жилищной помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи".";
      пункт 3 исключить;
      пункт 12 изложить в новой редакции:
      "12. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.";
      пункт 13 изложить в новой редакции:
      "13. Размер оказания жилищной помощи определяется уполномоченным органом исходя из совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующего на получение жилищной помощи согласно приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде", зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под номером 7412.";
      пункт 15 изложить в новой редакции:
      "15. Доля предельно допустимых расходов семьи (гражданина) в пределах установленных норм устанавливается в размере десяти процентов от совокупного дохода.".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      внеочередной сессии                        Ю. Волков

      Секретарь
      районного маслихата                        А. Бондаренко

      СОГЛАСОВАНО:

      И.о.начальника
      государственного
      учреждения "Отдел
      занятости и
      социальных программ
      Аулиекольского района"
      ________ Тетерюк Л.Е.

      Начальник
      государственного
      учреждения
      "Отдел финансов
      Аулиекольского района"
      _______ Туребаева З.Ш.

      Начальник
      государственного
      учреждения "Отдел
      экономики и бюджетного
      планирования
      Аулиекольского района"
      _______ Печникова Т.И.