"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесінің 6, 7, 8-тармақтарына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
1) 2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдардың қоса берілген тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері;
2) қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары: қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді ескере отырып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен;
3) қоғамдық жұмыстардың қатысушыларының еңбек ақысы аудандық бюджет қаражаттары есебінен айына біржарым айлық ең төменгі жалақы мөлшерінде.
2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде әлеуметтік салықты төлеуге және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдеріне, қоғамдық жұмыстардың қатысушыларына тиесілі жалақы есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығындар аудандық бюджет қаражаты есебінен өтелетіні белгіленсін.
3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындау шартында көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
4. "Жітіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулымен бекітілген ұйымдармен көрсетілетін жұмыстар мен қызметтердің өтемі кезінде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін ескерсін.
5. Қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары А.А. Алиферецке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданының әкімі Қ. Испергенов
2012 жылғы 20 қаңтардағы
№ 50 әкімдік қаулысымен
бекітілген
2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері
№ | Ұйымның атауы | Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері |
---|---|---|
1 |
"Қазақстан Республикасы |
Жұмыскердің алдын ала |
2 |
"Жітіқара ауданы әкімінің |
Жұмыскердің алдын ала |
3 |
"Жітіқара ауданының |
Жұмыскердің алдын ала |
4 |
"Қазақстан Республикасы |
Жұмыскердің алдын ала |
5 |
Қазақстан Республикасы |
Жұмыскердің алдын ала |
6 |
"Жітіқара ауданының |
Жұмыскердің алдын ала |
7 |
"Жітіқара ауданының |
Жұмыскердің алдын ала |
8 |
"Жітіқара ауданының |
Жұмыскердің алдын ала |
9 |
"Жітіқара ауданының |
Жұмыскердің алдын ала |
10 |
"Жітіқара ауданының |
Жұмыскердің алдын ала |
11 |
"Жітіқара ауданының |
Жұмыскердің алдын ала |
12 |
"Жітіқара ауданының Ырсай |
Жұмыскердің алдын ала |
13 |
"Жітіқара ауданының |
Жұмыскердің алдын ала |
14 |
"Жітіқара ауданының |
Жұмыскердің алдын ала |
15 |
"Жітіқара ауданының |
Жұмыскердің алдын ала |
16 |
"Жітіқара ауданының |
Жұмыскердің алдын ала |
17 |
"Жітіқара ауданының |
Жұмыскердің алдын ала |
18 |
"Жітіқара ауданының |
Жұмыскердің алдын ала |
19 |
"Береке" пәтер иелерінің |
Жұмыскердің алдын ала |
20 |
"Надежда" пәтер иелерінің |
Жұмыскердің алдын ала |
21 |
"Жастар" пәтер иелерінің |
Жұмыскердің алдын ала |
22 |
"Родник" пәтер иелерінің |
Жұмыскердің алдын ала |
23 |
"Орион-4" жауапкершілігі |
Жұмыскердің алдын ала |
24 |
"Байпас" жауапкершілігі |
Жұмыскердің алдын ала |
25 |
"Жасыл ел-2008" |
Жұмыскердің алдын ала |
26 |
Жеке кәсіпкер Руслан |
Жұмыскердің алдын ала |