Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 31.10.2014 № 283 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 Бұйрығына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін анықтау туралы" 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 294 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-12-145 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 21 қазанда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
мәслихаттың көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2 тараудың 12-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7412 нөмірімен тіркелген, тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері, тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын негізге алғанда уәкілетті органмен анықталады.";
2 тараудың 13-тармағы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үшінші
сессия төрағасы Г. Ягодин
Аудандық
мәслихаттың хатшысы А. Тюлюбаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарабалық ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Т. Салмина