Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімі аппараты бысшысының 02.05.2013 № 05-10/468 хатымен).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес, "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі ұсынысының негізінде Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша 2012 жылы егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері анықталсын:
1) жазғы дәнді және бұршақтұқымдас дақылдар 15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін;
2) аумақтық ғылыми-негізделген агротехнологияларды сақтаумен дәнді дақылдар 15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін;
3) майлы дақылдар 18 мамырдан бастап 30 мамырға дейін;
4) жемшөптік (ағымдағы жылдың біржылдық, көпжылдық шөптері) 30 сәуірден бастап 15 шілдеге дейін;
5) сүрлемдік жүгері мен күнбағыс 15 мамырдан бастап 31 мамырға дейін;
6) бірінші, екінші және үшінші өсіру жылдарындағы жемшөптік бұршақтұқымдас көпжылдық шөптер (бірінші мерзім) 20 сәуірден бастап 31 мамырға дейін, (екінші мерзім) 5 шілдеден бастап 1 тамызға дейін;
7) күздік дақылдар 15 тамыздан бастап 1 қыркүйекке дейін;
8) көкөніс-бақша дақылдары 15 сәуірден бастап 10 маусымға дейін;
9) картоп 10 мамырдан бастап 31 мамырға дейін;
10) шабындық жерлерді шалғындандыру үшін егілген көпжылдық шөптер (бірінші мерзім) 20 сәуірден бастап 31 мамырға дейін, (екінші мерзім) 5 шілдеден бастап 1 тамызға дейін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А. Кәкімжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 20 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Қарабалық
ауданының әкімі Ф. Филиппов