РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Мендіқара ауданы әкімінің 2012.11.29 № 18 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Тіркелу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарын 2013 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) әскерге шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен (келісім бойынша) бірлесіп тіркеу бойынша іс-шараларды өткізу ұсынылсын.
3. Селолық округтердің әкімдері, Боровской селосының әкімі:
тіркелуге жататын азаматтарды хабардар ету ұйымдастырсын және олардың әскерге шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Меңдіқара ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркеу өткізу кезінде әскерге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы "Меңдіқара ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп:
1) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеуге ауданның оқу орындарына нарядты жеткізсін;
2) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушыларын әскери оқу орындары бойынша анықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін;
3) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыстың басталуы туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берсін;
4) әскери оқу орнына түсуге әскери кәсіптік бағыттау мақсатында әрбір әскер жасына дейінгілермен жеке әңгімелесу өткізсін.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А. Әбдіхалықовқа жүктелсін.
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Меңдіқара
ауданының әкімі Н. Денинг
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының
"Меңдіқара аудандық орталық
ауруханасы" коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының бас
дәрігері
___________________ Д. Ахметов
"Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Қостанай
облысының ішкі істер департаменті
Меңдіқара ауданының ішкі істер
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________________ Т. Киақбаев
"Қостанай облысы Меңдіқара
ауданының Қорғаныс істер
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________________ Р. Саттаров